BI Group – құрылыс холдингі, Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығындағы көшбасшы. Холдинг 1995 жылдан бері жұмыс істеп келеді және осы уақыт ішінде кәсіби және сенімді серіктес беделіне ие болды.
Холдинг жылдан жылға дамып, қазақстандықтарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп, Қазақстан экономикасының дамуына сүбелі үлесін қосып келеді.
Барлық деңгейлерде тұрғын үй салады
Қазақстан аумағынан тыс жерлерде де құрылыс саласын дамытуда
Халықаралық мұнай-газ компаниялары үшін аса күрделі жобаларды жүзеге асырады және таяу шетел нарықтарын игеруде
Құрылыс саласындағы ауқымды мемлекеттік бағдарламаларға қатысады
Өз қызметкерлерінің кәсіби тұрғыда өсуіне және олардың тұрақты оқуына қолайлы жағдай жасайды.
Өз объектілерін жоспарланған мерзімінде тапсырады
Қайырымдылық жобаларымен белсенді түрде айналысады
Жалпы көлемі 4,5 миллион шаршы метрден астам құрылыс жүргізілді, бұл: тұрғын үй кешендері, коттедж қалашықтары, коммерциялық жылжымайтын мүлік, инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік объектілер
Республикалық және өңірлік маңызы бар 1,7 мың км автожол төселіп, көпірлер және өткелдер салынды,700 км темір жол төселді.
Холдингте 5000-ға жуық жоғары білікті қызметкерлер жұмыс істейді.
Холдинг халықаралық қаржылық ашықтық стандарттарын, бизнесті жүргізудің этикалық қағидаттарын, командалық рухты ұстана отырып, корпоративтік басқарудың үздік әлемдік тәжірибелеріне сүйенеді.
Холдинг «Ең үздігін таңда»: жоба, команда, технология, менеджмент» қағидаты бойынша жұмыс жасайды. BI Group-тың 40-тан астам басшысы MBA дәрежесін алды.