«BI-Жұлдызай» қайырымдылық қорын 2004 жылы компания қызметкерлері құрған. Алғашқы «Жұлдызай» оңалту орталығы 2013 жылдың қаңтарында Астанада ашылған. Бүгінгі таңда медициналық орталықтар Нұр-Сұлтан, Алматы және Атырау қалаларында, сондай-ақ елордалық перинаталдық орталықтарда ерте оңалту кабинеттері жұмыс істейді. Жыл сайын 1800-2500 бала кешенді оңалту курстарын алады.