Коронавирустық инфекциямен күресте мемлекет пен қазақстандықтарға өтеусіз көмек:
Холдинг Елбасының бастамасымен құрылған «Біз біргеміз!» халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға арналған акцияны қолдап, 810 млн теңге аударды.
2020 жылы наурызда BI Group бес жұлдызды Hiltоn қонақ үйін карантиндік стационарға өтеусіз негізде ұсынды
COVID-19-бен одан әрі күресу мақсатында Birlik қоғамдық қоры ашылып, 342 млн теңгеге медициналық мекемелерді ИВЛ аппараттарымен, оттегі концентраторларымен және реагенттер жиынтықтарымен қамтамасыз етті.
Алматы мен Нұр-Сұлтанда амбулаториялық-провизорлық орталықтар ашылды. Холдинг қызметкерлердің денсаулығын қорғауға үлкен көңіл бөледі – ПТР-тестілеуге, арнайы киім мен ЖҚҚ сатып алуға, дезинфекциялауға және басқа шараларға 364 млн теңге бөлінді.
BI Group компаниясы COVID-19-бен күреске $3,5 млн бөлді.