2018 жылы 17 маусымда Астанада триатлоннан ең беделді халықаралық жарыстардың бірі BI GROUP IRONMAN 70.3 Astana өтті. Оны өткізу құқығына BI Group қол жеткізді.
Ironman 70.3 Astana жарысын өткізу қорытындысы бойынша BI Group 2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Ironman-ның толық қашықтығын өткізуге рұқсат алды. ТМД елдерінің аумағында алғаш рет толық қашықтықта жарыс өтетін болады. Спортшылар арасында Ironman Kona (Гавайи) әлем чемпионатына слоттар ойнатылады.
Айдын Рахымбаев Қазақстан тарихында алғаш рет Гавайдағы IRONMAN Kona әлем чемпионатында ел байрағын желбіретті.