Дивизион КАЗАХДОРСТРОЙ МЕКЕМЕСІНІҢ CАПА, ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЕҢБЕК ПЕН ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТЫ

КАЗАХДОРСТРОЙ МЕКЕМЕСІНІҢ CАПА, ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЕҢБЕК ПЕН ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТЫ

Жабу

«Казахдорстрой»

Құрылған жылы: 2005 
Қызмет ететін саласы: автомобиль жолдарын, көпірлер, жол өткелдерін салу

«Казахдорстрой» Қазақстанның алдыңғы қатарлы жол-құрылыс компаниясы және BI Group холдингі құрамындағы ең ірі дивизион болып табылады. 2005 жылдан бергі тарихы бар, BI Group холдингінің құрамында алғашқылардың бірі болып құрылған.

Кәсіпорын кәсіби мамандар мен холдингтің табысты басқарушыларының бірнеше буынын жетілдіріп шығарды. Заманауи техника, білікті қызметкерлер, сауатты менеджмент дивизионға стратегиялық республикалық маңызы бар жобаларды орындауға мүмкіндік береді.

«Казахдорстрой» осы уақытқа дейін жалпы ұзындығы 600 шақырымнан астам әртүрлі санаттағы жолдардың 30-дан астам жобасын іске асырды.

Құрылысы аяқталған нысандардың негізгілері:

  • Павлодар қаласындағы Ертіс өзені арқылы өтетін Орталық Азиядағы ең ұзын көпір өткелі (12,3 км);
  • «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің 90 шақырымнан астам бөлігі;
  • Қазақстандағы алғашқы алты жолақты Астана-Петропавл автобаны (184-230 км).

2017 жылы «Казахдорстрой» өзінің алғашқы халықаралық жобасын Грузиядағы Имеретияның тарихи киелі жеріне апаратын Орпири-Цуцхвати-Мгвиме жолын салды.

Қазіргі уақытта дивизион еліміздің 6 облысында 12 жобаны жүзеге асыруда. Жоспарда - инфрақұрылымдық жобалардағы құзыреттерді дамыту.