Дивизион
ModeX дирекциясы

Құрылған жылы: 2020
Қызмет ету саласы: Темірбетон бұйымдары – модульдерді конвейерлік өндіру

ModeX – Қазақстан мен Орталық Азияда индустриалды-модульдік құрылыс технологиясын енгізуге арналған жаңа буын кәсіпорны.
Кәсіпорын Нұр-Сұлтан қаласында 2020 жылғы шілдеде іске қосылған сәттен бастап компания еліміз бойынша 13 жұқпалы аурулар ауруханасына арналған өнім шығарды және елордада бірінші тұрғын үйдің құрылысы басталды. Осы технология бойынша 3 айда 16 қабатты үйдің құрылысы салынды.
Қуаттылығы жылына 135000 шаршы метр болатын зауыттың 1-кезегі пайдалануға берілді. Осындай қуаттылықтағы келесі екі кезекті 2021 және 2022 жылдары іске қосу жоспарланып отыр. Сонымен қатар Алматы мен Шымкент қалаларында кәсіпорындар ашылатын болады. Көтерілген бастама қолайлы еңбек жағдайы жасалған жаңа жұмыс орындарын ашуға, жоғары технологиялық құзыреттерді дамытуға, сондай-ақ өңірдегі сапалы әрі қолжетімді тұрғын үй құрылысының жоғары қарқында салынуына септігін тигізеді.
ModeX өндірістік қуаты автоматтандырылған желідегі темірбетон бұйымдары-модульдерді өндірудің барысын көрсетеді. Модуль дегеніміз – төбеден, еден мен қабырғалардан, сонымен қатар есіктер мен терезелерге қажетті саңылаулардан тұратын кеңістіктегі фигура. Жұмыстың 80% кәсіпорында өнеркәсіптік жағдайда жүреді. Құрылыс алаңында модульдерді орнату мен оларды инженерлік желілерге қосу ғана қалады. Бұл құрылыстың салыну барысын оңтайландыруға, оны уақыт бойынша тиімдірек етуге және ресурстар мен шикізатты пайдалануға мүмкіндік береді.

Аяқталған жобалар

Нұр-Сұлтан, Алматы, Көкшетау, Талдықорған, Атырау, Орал, Жезқазған, Қостанай, Қызылорда, Ақтау, Павлодар, Петропавл, Түркістан қалаларында жұқпалы аурулар ауруханалары салынды.

Қазір салынып жатқан жобалар
• 
 7Я;
• 
 Sezim Qala 9

Болашақта салынатын жобалар
• 
 Қайнар 1;
• 
 Тұран даңғылы, 3 Nova City;
• 
 Sezim Qala 11;
• 
 Paramount City 3;
• 
 Lask 1