Құрылған мерзімі: 2020
Қызмет саласы: Темірбетон бұйымдары – модульдер өндіру
ModeX – Қазақстан мен Орталық Азиядағы индустриялық-модульдік құрылыс технологиясын енгізуге арналған жаңа буын кәсіпорны.
ModeX өндірістік нысандары темірбетон бұйымдары – модульдерді өндіруге арналған автоматтандырылған үздіксіз үдерісті білдіреді. Модуль – төбе, еден мен қабырғалардан, сонымен қатар есік-терезелердің қажетті ойығынан тұратын кеңістік фигурасы. Кәсіпорындағы жұмыстың 80%-ы өндірістік жағдайда істеледі. Құрылыс алаңында модульдерді орнатып, оларды инженерлік желілерге қосу ғана қалады. Бұл құрылыс барысын оңтайландыруға, оны уақыт бойынша да, ресурстар мен шикізатты пайдалану тұрғысынан да тиімдірек етуге мүмкіндік береді.
ModeX басқармасы қолайлы еңбек жағдайлары жасалған жаңа жұмыс орындарын құрып, жоғары технологиялық құзыреттерді дамытады, сонымен қатар қолжетімді әрі сапалы тұрғын үй құрылысының жоғары қарқында жүргізілуіне ықпал етеді. Іргетасы қаланған күннен бастап 8218 блок шығарылды, 1 блоктың ауданы – 21 шаршы метр.
Аяқталған жобалар:
Қазіргі салынып жатқан жобалар:
Салынатын жобалар:
Директор