Дивизион
Nova City

Құрылған жылы: 2016
Қызмет саласы: «Эконом», «Стандарт» және «Комфорт» класты қолжетімді тұрғын үйлер.

2016 жылы BI Group эконом-класты тұрғын үй жобаларын дамыту, сондай-ақ индустриялық үй құрылысының жаңа технологияларын енгізу мақсатында OTAU Development Group еншілес компаниясын құрды.

2018 жылдың қазан айында компанияға ребрендинг жасалып, «Nova City» деген жаңа атау бекітілді. Себебі Nova City тұрғын үй кешені компанияның көпішілік арасында кеңінен танымал негізгі жобасына айналды. Нұр-Сұлтан қаласының сол жағалауындағы EXPO көрмесі ауданында тұтас шағын аудан бой көтерді.

Небәрі 5 жылдың ішінде Nova City компаниясы Нұр-Сұлтан қаласында Sunrise және 22 кезектен тұратын Nova City тұрғын үй кешендерін, Sezim Qalа тұрғын үй кешенінің 2 кезегін тапсырды. Бұл үйлерде 4 мыңнан астам бақытты отбасы тұрып жатыр.

Пандемияға байланысты шектеулер мен экономикалық қиындықтарға қарамастан, компания құрылыс жұмыстарының белсенді қарқынын сақтап, клиенттерді сапалы әрі қолжетімді бағадағы тұрғын үймен қамтамасыз етеді.

Бірге өсеміз! – бұл Nova City компаниясының ұраны. Клиенттердің тілегін, тіпті өздері айтпаса да білетін, олардың ұсыныстарын ескере отырып, сөзден іске көшетін және үйді уақытында тапсыру – компания жұмысының негізгі принциптері. Біздің әрбір басқан қадамымыз жоғары сапалы тұрғын үй салуға, биік деңгейдегі қызмет көрсетуге және жалпы бақытты өмір сүруге ұмтылу болып табылады. Біз бүгінгі күннің талаптарына жауап беретін және ұзақ жылдар бойы қолжетімді бағада салынған өзінің артықшылықтарын сақтай алатын заманауи тұрғын үйді қалай салу керектігін анық білеміз.

Жобалар 

Құрылысы аяқталған жобалар

  • Sezim Qala 1-2
  • Sunrise
  • Nova City 1-22

Ағымдағы жобалар

  • Рысқұлбеков көшесіндегі Nova City
  • Sezim Qala 4, 6-8
  • Тұран даңғылындағы Nova City 1-2
  • Aru Qala – 1-3
  • Южный


Болашақта салынатын жобалар

  • У Арены
  • Қайнар
  • Paramount City
  • Тұран даңғылындағы Nova City 5
  • Sezim Qala 10, 12
  • Aru Qala – 4
  • Шәкәрім