Мәзір
 
  • Бастапқы бет
  • Біз туралы
  • Компаниялар
  • Жобалар
  • Жаңалықтар
  • Директорлар кеңесі
  • Баспасөз орталығы
  • Мансап
  • BI University
  • Корпоративті-әлеуметтік жауапкершілік
  • Байланысу
  • Квартира сатып алу
  • Бизнес-партнерлерге
  • Инвесторлар мен тапсырыс берушілерге
Біз туралы
Миссия мен құндылықтар
Біздің тарих
Құрылым
Директорлар кеңесі
Тәуелсіз директорлар
Марапаттар мен жеңістіктер
Біздің тарих
  • Бастапқы бет
  • Біз туралы
  • Біздің тарих
  • 1995
    Компанияның негізі қаланған жыл. «АзТЭК» ЖШС кәсіпорны болып тіркеледі.
  • 1998
    Жас кәсіпорын Астанада алғашқы құрылыс жобаларын бастайды.


  • 2001
    Қазақстан құрылыс саласының болашақ көшбасшысы BI Group – бас кәсіпорнының құрылуы


  • 2003
    Компания алғашқы тұрғын үй кешендерінің құрылысын аяқтайды. Қызметкерлер саны 1 мыңнан астам. «BI-Жұлдызай» корпоративтік қайырымдылық қоры құрылады.
  • 2005
    Өндірістік қуатын арттырады: BI Group 17 объектіде жобалық және құрылыс жұмыстарын жүргізеді. Коммерциялық жылжымайтын мүлік құрылысының басталуы.


  • 2007
    Салынған жылжымайтын мүліктің жалпы көлемі 600 мың шаршы метрден асады. Астана тұрғын үй нарығындағы үлесі – 18%.


  • 2008
    Халықтың табыс деңгейінің төмендеуі және әлемдік қаржы дағдарысы – компания өсуін уақытша қысқартады.


  • 2009
    Инфрақұрылымдық жобалар құрылысының басталуы. Ресей Федерациясының нарығына шығу.
  • 2010
    «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің құрылысына қатысу. Бірінші қазақстандық «Астана – Бурабай» автобанының салынуы.


  • 2011
    Астанада ТМД елдері үшін «Тұлпар – Тальго» жүрдек вагондарын шығаратын инновациялық зауыттың құрылысы аяқталды. Тұрғын үй құрылысының жаңа сегменттерін игеру.


  • 2012
    Мәскеу және Алматы қалаларында компания өкілдігінің ашылуы. Транскаспий дәлізі – Бейнеу-Шалқар және Арқалық-Шұбаркөл темір жол желілері құрылысының басталуы. BI Group Корпоративтік университетінің құрылуы.


  • 2013
    BI Group – құрылыс көшбасшыларының бірі. Қаржы айналымы - $1,2 млрд. EXPO-2017 көрмесі аясында «Зеленый квартал» жобасының құрылысы басталды.


  • 2014
    BI Group Қазақстанда ENR Top-250 Global Contractors әлемнің ірі құрылыс компанияларының рейтингіндегі жалғыз компания, 189-орын.


  • 2015
    $1,4 млрд. айналымымен компания ENR Top-250 Global Contractors рейтингінде 25 орынға көтерілді, жалпы есепте - 164 орын.


  • 2016
    Мұнай-газ құрылысы нарығына шығу. BI Group құрамында 3 компания, 16 дивизион, Қазақстанда және ТМД елдерінде 85-тен астам жоба жүзеге асырылуда. Қазақстан тарихында алғаш рет бір компания бір жылда 1 млн. шаршы метр құрылыс салды.


  • 2017
    EPC серіктестік, халықаралық бизнеспен ынтымақтастық. Алматыда тұрғын үй нарығының көшбасшысы. Компанияның бүткіл тарихында 4 млн. шаршы метр құрылыс салынды. Корпоративтік университет негізінде BI University құрылды. BI Group құрамында - 4 компания, 19 дивизион. Топ портфелінде - Қазақстан мен ТМД-да 115 жоба бар. Корпоративтік-әлеуметтік жауапкершілікке инвестиция - $10 млн.
  • 2018
    Астана мен Алматы тұрғын үй нарығының көшбасшысы. Бір жылда 7 мың пәтер салынды. Компанияның бүткіл тарихында 5 млн. шаршы метр тұрғын үй, өнеркәсіптік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілері салынды.

    Қазақстан астанасының 20 жылдығына орай компания Есіл өзені арқылы өтетін «Атырау көпірі», «Ботаникалық саябақ» пен «JETІSÝ» саябағының құрылысын жүргізді.


    Компанияның Ресейде, Сауд Арабиясы мен Түркияда шетелдік өкілдіктері ашылды. Бизнес үдерістер мен өндірісті автоматтандыру басталды. Компанияның BeInTech цифрлық бөлімшесі құрылды.


    BI University білім беру қызметіне мемлекеттік лицензия алып, бизнес білім беру нарығына шықты.


    ТМД тарихында алғаш рет Астанада BI GROUP IRONMAN 70.3 Astana әлемдік жарысы өткізілді, оны өткізу құқығы біздің компанияға тиесілі болды.

  • 2019
    BI Group холдингні әлемдік құрылыс нарығындағы беделді Archirodon компаниясымен (Нидерланды) серіктестікте SemArco бірлескен кәсіпорнын құрды. БК қызметінің негізгі бағыттары - мұнай-газ және мұнай-химия салаларында, ауыр өнеркәсіпте, энергетикада жобаларды іске асыру, теңіз және су тазарту құрылыстары, суды тұщыландыратын қондырғыларды орнату. Компания ТМД елдері мен Грузияның нарығына кіруді жоспарлап отыр.

    BI Group холдингні әлемдік құрылыс нарығындағы беделді Archirodon компаниясымен (Нидерланды) серіктестікте SemArco бірлескен кәсіпорнын құрды. БК қызметінің негізгі бағыттары - мұнай-газ және мұнай-химия салаларында, ауыр өнеркәсіпте, энергетикада жобаларды іске асыру, теңіз және су тазарту құрылыстары, суды тұщыландыратын қондырғыларды орнату. Компания ТМД елдері мен Грузияның нарығына кіруді жоспарлап отыр. 

    BI Construction & Engineering компаниясы тапсырған жобалар: BMEI – Прорва кен орнындағы мұнай-газ саласындағы ауқымды халықаралық жоба; елордамыздағы  «Jekpe-jek» сарайы және IT-университет, Шамалғандағы «Үшқоңыр» спорт кешені және Алматы облысы, Қарасай ауданы, Айтей ауылындағы 1200 орынды мектеп.

    Түркістанда Әкімшілік-іскерлік орталықтың, «Астана» қалалық алаңының және «Алатау» медиа орталығының құрылысы аяқталды. Пайдалануға берілген нысандарды Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев аралап көрді. Елбасы құрылыстың жоғары қарқынын атап өтіп, құрылысшыларға қосқан еселі еңбегі үшін алғысын білдірді. Мұнда сондай-ақ қала үшін маңызы зор және техникалық жағынан күрделі ғимараттар салынуда: Драма театры, «Ұлы Дала» мұражайы, 7 мың орынды футбол стадионы және Hampton by Hilton қонақ үйі. Бұдан басқа, 4 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда: әкімшілік-іскерлік орталыққа апаратын жол, бульвар, желілік саябақ, Түркістан магистральды арнасының күрделі жөндеу жұмыстары.

    Өзбекстанның жетекші құрылыс компаниясы Murad Buildings-пен NRG бірлескен компаниясы құрылды. Бұл BI Group-тың алғашқы халықаралық девелоперлік жобасы. 2020 жылдың көктемінде Ташкентте  NRG компаниясының алғашқы жобасы - NRG Oybek тұрғын үй кешенінің құрылысы басталды.  

    Астанада ModeX модульді үй құрылысы зауытының құрылысы басталды. ModeX модульді тұрғын үй технологиясы бойынша салынып жатқан зауыт аумағында бірінші модульді блок шығарылды, оған ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қатысты. Қазір осы технология бойынша алғашқы тұрғын үй кешені салынуда.

    2019 жылы 12 мыңнан астам клиент BI Development компаниясынан баспаналы болды. Компания өзінің географиясын кеңейтуде: Атыраудағы алғашқы жобасы – Zaman тұрғын үй кешені тапсырылды, Шымкентте алғашқы тұрғын үй кешенінің құрылысы басталды.

    BI Group холдингінің негізгі инновациялық IT-жобалары – Smart Remont және Smart Home іске қосылды.

    BI Road Construction бизнесін әртараптандыруына байланысты BI Infra Construction деп өзгертілді. Енді компания жол салумен қатар, инженерлік желілер, саябақ құрылысы, абаттандыру т.б. жұмыстармен айналысады. Компания негізгі маржа инжиниринг есебінен қалыптасатын неғұрлым күрделі жобалармен айналыспақ. Енді компания жол салумен қатар, инженерлік желілер, саябақ құрылысы, абаттандыру т.б. жұмыстармен айналысады.

    Компания Бурабай - Зеренді жолы, Қостанай мен Балқаштағы ұшу-қону жолақтарын қайта жаңарту секілді ірі жобаларды тапсырды.

    Коммерциялық ғимараттарды салу және басқарумен айналысатын BI Property компаниясы, 2018 жылы BI Property 130 мың шаршы метр коммерциялық ғимаратты басқарса, 2019 жылы бұл 271 мың шаршы метрге жетіп отыр. Холдингіміздегі жас компания халықаралық Hilton Worldwide-пен Орталық Азияда Hampton by Hilton қонақ үй желісін құру туралы келісім-шарт жасасты. Бастамасы ретінде Түркістанда Hampton by Hilton-ның алғашқы қонақ үйлерінің құрылысы басталды. Елордамызда Green Mall сауда орталығы бірінші кезегінің техникалық ашылуы өтті, одан бөлек 5 бизнес орталығы салынады: Centro, «Лазурный», «Нұра», Summit және Prime. Біздің «Бәйтерек» бизнес орталығы «Жасыл кеңсе 2019» республикалық конкурсында «Жасыл кеңсе» марапатына ие болды.

    Сату, маркетинг және сервис қызметтерін біріктіретін BI Clients компаниясы құрылды. Ол қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған. Бүгінде BI Clients 302 үйге қызмет көрсетеді, бұл 48 000 пәтер және 1 219 коттедж. Біздің үйлерімізде барлығы 200 мыңға жуық адам тұрады, бұл Ақтау немесе Петропавл сияқты қалалардың халқының санымен пара-пар.  

    BI University КУ мен Swiss Business School арасында келісімге қой қойылды, ол BI University-ге білім беру бағдарламаларының спектрін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді. SBS Swiss Business School-мен келісім-шарт аясында Корпоративтік университет және ASMB Astana School of Management and Business International Management мамандандыруымен MBA корпоративтік бағдарламасын іске қосады.

    «BI-Juldyzai» қайырымдылық қорында ерекше қажеттіліктері бар 8 928 бала оңалтудан өтті, 20 285 балаға кеңес берілді, 731 балаға ота жасалды, отандық 510  дәрігер шеберлік сыныптарынан өтіп, тәжірибе алды. Қызметкерлер мен Қордың арқасында сал ауруына шалдыққан 100 бала аяқтарына тұрып, өздіктерінен жүре бастады.

    Арыстағы зардап шеккен тұрғындарға компания таранынан көмек көрсетілді. BI Group Директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахимбаев 100 млн теңге бөлді, холдинг қызметкерлері тағы 25 миллионды жинады. Компания 201 үй мен 132 пәтерді қалпына келтіріп, екі жаңа үй салып берді.

    Корпоративтік мәдениетті трансформациялау шеңберінде жаңа корпоративтік құндылықтар анықталды: бір-біріне құрмет және қамқорлық таныту; жауапкершілік және әділдік; командада жұмыс істеу және жұмыла кірісу.

    Бақыт бөлімі құрылды, Beginner бейімдеу бағдарламасы жұмыс істейді.

  • 2020
    BI Group өзінің басқару бағытын өзгертеді. Компанияның базасында Nova City Development және BI Development Almaty секілді екі холдинг тобы құрылып жатыр. Nova City Development құрамына Nova City бөлімі мен ModeX зауыты кіреді. Осылайша холдинг құрамында 7 компания мен 18 бөлімше қызмет ететін болады.

    BI Construction & Engineering компаниясы коронавирус инфекциясымен ауыратын науқастарды емдеу үшін аз ғана уақыт ішінде бүкіл Қазақстан бойынша 15 жұқпалы аурулар ауруханасын салды. Ауруханалардың жалпы ауданы шамамен 115 мың шаршы метрді құрайды. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласында 7 мың көрерменге арналған, Халықаралық World Athletics қауымдастығының сертификатын алған жеңіл атлетика кешенін іске қосты.

    Түркістан қаласында жоспарланған драма театр, медиа-орталық, «Ұлы дала елі» орталығы, «Нұр-Сұлтан» алаңы, 7000 орындық стадион, әкімшілік-іскерлік орталық сияқты барлық жоба аяқталып тапсырылды.

    «Бурабай» курорттық аймағында ауылдан шыққан дарынды балаларға арналған ерекше мектеп-пансионат ашылды. Білім ордасын BI C&E компаниясы халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес салған.

    Компанияның бүкіл тарихында рекордтық сатылым болды. 2020 жылы 10 039 мыңнан астам отбасы пәтер кілтін алды. Шымкент қаласында алғаш рет Tamerlan Residence тұрғын үй кешені салынды. Компания Өзбекстан нарығына шықты. BI Group компаниясы Ташкенттегі алғашқы тұрғын үй кешенінің құрылысын басталды (NRG Oybek).

    Еліміздің солтүстігінде Ақмола облысы Зеренді ауданындағы Көкшетауға кіре берісте - Астана-Петропавл республикалық автожолының бөлігін қайта салу бойынша маңызды жоба аяқталды.

    BI Property компаниясы «Лазурный» бизнес орталығы, «Аура-2» бизнес орталығы жобаларын іске қосты. Түркістанда Оңтүстік Қазақстандағы алғашқы Hilton қонақүйінің желісі Hampton by Hilton Turkistan ашылды.

    Сатылым, маркетинг және қызмет көрсетуді біріктіретін BI Clients компаниясы 72 мың клиентке қызмет көрсетеді. Қызмет көрсету саласы мамандары 2020 жылы 147 608 клиенттің өтінімін қабылдап қызмет көрсетті. BI Group компаниясына қарасты тұрғын үйлерде коронавирус инфекциясының алдын алу үшін қосымша санитарлық шаралар қабылданды.

    Nova City-дің алғашқы мега жобасы аяқталды. Нова Ситидің салған үйлерінен 4841 отбасы бірнеше жыл ішінде пәтерлерін алды. Компания төрт жыл ішінде елордадағы тұрғын үй нарығындағы көшбасшылардың үштігіне кірді.

    Нұр-Сұлтан қаласындағы ModeX үй құрылысы комбинатының автоматтандырылған конвейерлік желісі ресми түрде ашылды. Ірі блокты тұрғын үй құрылысының инновациялық технологиялары құрылыс салу мерзімін қысқартып, оның сапасын жақсартады әрі тұрғын үй құнын төмендетеді.

    Компания 2020 жылы елімізде бірінші рет BIG App мобильді қосымшасынан пәтер сатып алуға мүмкіндік беретін жылжымайтын мүлікті сатып алудың онлайн қызметін енгізді.

    Риэлторлық қызмет көрсету нарығына шықты. BI Group жылжымайтын мүлік агенттігі жаңа салынған құрылыста, екінші деңгейдегі нарықта баспана, сонымен қатар коммерциялық орындарды немесе дайын бизнесті, ірі өндірістік нысандарды сатып алу немесе сату бойынша сараптамалық көмек көрсетеді.

    Холдинг ПТР зерттеуге арналған өз зертханасын ашты. Зертхана Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасынан лицензия және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінен II патогендік тобын, атап айтқанда COVID-19 қоздырғышының (SARS-COV-2) диагностикасын жүргізуге рұқсат алды. Зертхана тәулігіне 1500 сынама жүргізе алады.

    BI Group компаниясы пандемияға қарсы күресуге көмектесетін қайырымдылық акциясы аясында бүкіл Қазақстандағы ауруханаларға 1065 оттегі концентратын алып берді. BIRLIK қоры акционерлердің, компания топ-менеджерлері мен қамқор адамдардың берген қаражаттары есебінен сатып алынған құрылғыларды 142 аумақтық құрылымдарға - 3 қала, 14 облыс пен 106 ауданға таратты.

    Компания қазақстандық суретші Руслан Мазуниннің ақ халаттыларға құрмет көрсету жөніндегі бастамасына демеушілік жасады. Дәрігерлердің құрметіне арналған көрме өз жұмысын тамыз айында бастады. Атырау көпірінде және Hilton Astana қонақүйінің сыртқы бетінде қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының белсенді медициналық қызметкерлерінің 100 портреті қойылды.

    «BI-Жұлдызай» қоры карантиндік шаралар мен пандемия кезіндегі экономикалық қиындықтарға қарамастан, қайырымдылық шараларын жалғастырып, медициналық ауыр диагноз қойылған 1253 балаға көмектесті. 2020 жылы барлығы 52 603 адамға оңалту қызметі көрсетілген.

    Компанияның 25 жылдық мерейтойына орай Нұр-Сұлтан қаласын көгалдандыру бойынша BI-Green жобасы жүзеге асырылды. Холдинг қызметкерлері эко-қозғалыс аясында 1900 ағаш пен 600 бұта отырғызды.

    Түркістан облысының бөгеттің жарылуына байланысты тасқын судан зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсетілді.

    Компания голливудтық Disney студиясының шығарған «Алға», «Мулан», «Жан», «Джунглидегі круиз», «Митчелль машиналарға қарсы», «Жұмақ және соңғы айдаһар» және «Артемис фаул» сияқты жеті фильмін қазақ тіліне аударуға демеушілік көрсетті.












  • 2021
    2021 жылы BI Group білім беру саласындағы жобаларды – Quantum STEM, МЖӘ схемасы бойынша 4 BINOM School білім беру мекемесін және Алматы облысында 4 мектепті сәтті салып, іске қосты. 2021 жылы Холдинг Қазақстанда бірінші болып BIG App мобильді қосымшасы арқылы жылжымайтын мүлікті онлайн сатуға көшті, мұнда 80 мың пайдаланушы тіркелген. Жыл ішінде 10 мыңнан астам клиент пәтер кілтін алды. Сондай-ақ Холдинг үш рет жалпы сомасы 16,3 млрд теңгеге AIX бойынша бағалы қағаздарды шығарды.

    2021 жылы BI Group білім беру саласындағы жобаларды – Quantum STEM, МЖӘ схемасы бойынша 4 BINOM School білім беру мекемесін және Алматы облысында 4 мектепті сәтті салып, іске қосты. 2021 жылы Холдинг Қазақстанда бірінші болып BIG App мобильді қосымшасы арқылы жылжымайтын мүлікті онлайн сатуға көшті, мұнда 80 мың пайдаланушы тіркелген. Жыл ішінде 10 мыңнан астам клиент пәтер кілтін алды.

    Сондай-ақ Холдинг үш рет жалпы сомасы 16,3 млрд теңгеге AIX бойынша бағалы қағаздарды шығарды.

© 1995-2023 BI Group
Жаңалықтар Вакансиялар
Мәзір
Жеке
кабинет
Байланысу
Қаз
РУС
ENG
Тілдер