1961 жылы 1 қарашада Мәскеуде дүниеге келген.
Мәскеу авиациялық институтында «ұшу аппараттары инженер-механигі» мамандығы бойынша білім алып, оны 1984 жылы бітірді. Мәскеу авиациялық институтын бітіргеннен кейін М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің философия факультетінің аспирантурасында оқыды.
Кейіннен 1990 - 2010 жылдар аралығында ол INSEAD, Harvard University, LBS сияқты шетелдік жоғарғы оқу орындарында біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Еңбек жолы: 1983-1988 ж.ж. Мәскеудегі авиациялық институтында комсомолдық және шаруашылық жұмыстарын атқарды, 1988-1993 жж. - жеке кәсіпкер.
90-шы жылдары Инкомбанкте, ШтернЦементте, «Время» («36,6» брэнді) тобында басшылық қызметтерде жұмыс істеді. 1998-99 жылдар аралығында «Сценарии для России» («клуб 2015») жобасының идея авторы және директоры. 1999-2011 жылдарда «Вымпелком» компаниясының (сол кезде NYSE listed деп аталған, қазір VEON тобына кіреді), «Вимм-Билл-Данн» (сол кезде NYSE listed, қазір Pepsi тобына кіреді), Сібір көмір энергетикалық компанияларында (СКЭК) Бас қаржы директоры болып қызмет атқарды.
2012 - 2019 жылдары ол Сколково Мәскеу басқару мектебінде белсенді түрде жұмыс істеді: 2012-2014 жылдары ғылыми-зерттеу директоры, кейінірек мектептің Халықаралық ғылыми кеңесінің және Дамушы нарықтарды зерттеу институтының басқару комитетінің мүшелері ретінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бастап ол көбінесе оқытушылық қызметпен айналысады (Ресей эканомикалық мектебінде, Сколково Мәскеу басқару мектебінде, Экономика жоғарғы мектебінде, Сбербанк корпоративті университетінде, корпоративті клиенттерге арналған бағдарламаларда), әр уақыттарда РЭМ, Вольга-Днепр, М.Видео, Мультикубик, BI Group (Қазақстан) компанияларының Директорлар кеңесінің жұмысына қатысып отырды және пайдалы бастамалармен айналысатын шағын компанияларға инвесторлықпен де айналысады.