BI Group холдингінің негізін қалаушылардың бірі. Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығының төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі. «Ана үйі» жобасының бастамашысы, YPO Kazakhstan мүшесі. Astana Motorsports президенттік клубының пилоты. Қазақстандағы жетімдікке жол бермеуге бағытталған «Ана үйi» қорының Атқарушы комитетінің төрағасы Анар Рахимбаевамен бірге 7 баланы тәрбиелейді.
BI Group Холдингінің директорлар кеңесінің мүшесі. 1972 жылы 5 қазанда дүниеге келген. 1995 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын бітірген. ҚР Қаржы академиясының түлегі. Іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесі бар. Еңбек жолын 17 жасында Ақмола облысы Целиноград ауданы М. Мәметова атындағы совхозының құрылыс алаңында комбайншы болып бастаған. 1995 жылы серіктестерімен болашақта BI Group холдингі болып қайта құрылған компанияның негізін қалап, өндірістік бағытқа жетекшілік етті. Қазіргі уақытта мемлекеттік тапсырыс бойынша (азаматтық-инфрақұрылымдық құрылыс) бас мердігерлер сегментіне жетекшілік етеді. 2006 жылы 17 округ бойынша Астана қаласы мәслихатының депутаты болып сайланды.
Қызығушылығы: автоспорт бойынша спорт шеберіне үміткер. 2008, 2013 және 2015 жылдардағы ралли Дакардан қазақстандық құраманың мүшесі. Марокко 2007 ралли-рейд бойынша әлем чемпионатының қатысушысы, 2008 жылғы қысқы тректік автожарыс бойынша ҚР Ашық кубогының жеңімпазы. Марафоншы және триатлоншы, қазақстандық және халықаралық марафондардың, әлемдік деңгейдегі IRONMAN жарыстарының бірнеше дүркін қатысушысы.
«Ана үйі», IQanat қайырымдылық жобаларының меценаты.
Марапаттары: «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалі, «10 жыл Астана» медалі; ҚР Индустрия және сауда вице-министрі атынан «Көп жылдық еңбегі, жоғары өндірістік көрсеткіштері, ұйымның жаңа нысандары мен әдістерін енгізу бойынша үлкен және нәтижелі жұмысы үшін» Құрмет грамотасы.
Отбасы құрған, алты бала тәрбиелеп отыр.
Өнеркәсіптік және энергетикалық инфрақұрылымдардың құрылысын, соның ішінде "толық аяқталған" жобаларын (EPC-контрактілер) салуды бақылайды. «Ана үйі» жобасының серіктесі.