30 ДЕКАБРЯ / 19 BI Development
Қобыздың қоңыр үнімен
фывфыв

Қобыздың қоңыр үнімен

BI Group осы жылды сәтті аяқтады, оған себеп Жаңа жыл қарсаңында елордамызда төрт тұрғын үй кешені тапсырылды - Ray Residence, Panorama Park, BI City Seoul H блогы және Nura Esil-дің 3-ші кезегі.

Өз уақытында Nura Esil-дің 1-ші кезегі жаңашылдығымен көзге түскен еді. Иә, құрылысшылар әр кезек сайын үйлерді қызықты ету үшін өзгерістер енгізеді. Үшінші кезек те назардан тыс қалған жоқ.

Үйдің барлық кіреберісі өтпелі, яғни үйді айналып өтудің қажеті жоқ, бірден далаға немесе аулаға шығуға болады. Әр кіреберісте бесік арбасына орын қарастырылған. Заманауи IP-домофонның арқасында тұрғындар келген қонақтарды ғана емес, аулада ойнап жүрген балаларды да көре алады. Ал аулада ойнайтын жер баршылық. Көптеген шағын сәулет нысандары, үлкен құмсалғыш, жаттығу құралдары да бар. Шырша, тіпті алма ағашы отырғызылған гүлзарлар орнатылған.

-Үйді барынша ыңғайлы етіп жасау үшін, сәл кеш тапсырдық. Мысалы, кеңселерге панорамалық терезелер орнаттық. Айтпақшы, сатылмаған бірнеше кеңсе, көлік орны мен бір пәтер қалды», - дейді бас инженер Ұлан Дүйсебаев.

Жаңа пәтер иелері көргендеріне риза. Әлия: «Бұл пәтерді анама алып бердік, өте ұнады. Үй қызыл кірпіштен қаланған, үлкен терезелер, әдемі және жабық аула».

Жоба авторлары қазақ тұрмысын насихаттау дәстүрін жалғастыруда. Егер бірінші кезекте – сырға, екінші кезекте – сандық мүсіні орнатылса, үшінші кезекке – қобыз аспабы бұйырды.

Сан ғасырлар бойы халқымыздың ғасырлар үнін, өмір тынысын баяндаған қобыздың қоңыр үні тұрғындарды шаттыққа бөлейді деп сенеміз, ал «Нұра-Есіл» тұрғындар үшін мәңгі бақыт мекеніне айналсын! Жаңа қоныстарыңызбен!


Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар