15 ДЕКАБРЯ / 21 BI Construction & Engineering
Алдыңғы қатарлы BINOM мектептерінде 12 мың бала білім алады
фывфыв

Зертханада мықты жабдықтармен химиялық эксперименттер жүргізу, STEAM жобасына қатысу, Physics Lab виртуалды физиканы оқу, мобилография негіздерін үйрену, фотосуреттерді өңдеу және басқа да мүмкіндіктер – BINOM мектептерінің барлық оқушыларында бар. Инновациялық оқу орындарының артықшылықтарын ҚР вице-премьері Ералы Тоғжанов,  Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов және оның орынбасары Нұрлан Нұркенов бағалады. Желтоқсанның 15-16 күндері мәртебелі қонақтар BINOM SCHOOL SARYARQA мен BINOM SCHOOL TURAN-да болды.

BINOM School – қазақстандық жалпы білім беру үдерісінде озық әдістемелерді енгізген жаңа бренд. Алғашқы Nova City шағын ауданындағы мектеп 1 қыркүйекте оқушыларға өз есігін айқара ашқан болатын. Ал Байтұрсынов көшесіндегі (SARYARQA), CAPITAL Park ТҮК маңындағы (TANYM) және Жағалау шағын ауданындағы (TURAN) тағы үш нысан ағымдағы академиялық жылдың үшінші тоқсанынан, яғни 2022 жылдың қаңтарынан өз жұмысын бастайды. Мектептердің құрылысына арналған жер оқушы орындарының тапшылығын ескере отырып таңдалған.

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов:

«BINOM жобасы бірінші кезекте үш ауысымды оқыту мен апатты жағдайдағы мектептерге қатысты мәселелерді шешуге бағытталған. Елордада алты жаңа оқу орнының құрылысын қосқанда, 15 білім беру нысаны іске қосылады. Ең бастысы, мұнда халықаралық стандарттарға сай келетін мықты база бар».

Стандартқа келер болсақ, барлық BINOM мектептерінде физика, химия, биология, нано және биотехнология бойынша тоғыз кеңейтілген зертхана, 100 орындық кинозал, коворкинг-аймақ, ойын бөлмелері, смарт-сыныптар, шығармашылық эксперименттерге арналған 3D-принтер, робототехника кабинеттері, Speaking Club, TedxBinom, 5 мыңнан астам кітап қоры бар кітапхана және т.б. қарастырылған.

Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:

«Биыл елордада 15 мектеп салынды. Бұл шамамен 40 мың оқушы орны. Кешенді жоспар аясында 5 жылдық кезеңге 70-ке жуық мектеп салу жоспарланған. Мектеп құрылысына да жеке инвестиция тартамыз. Оқу орындары қаланың барлық аудандарында, соның ішінде тұрғын үй алаптарында салынуда».

BINOM-дағы бастауыш сыныптардың білім беру процесіне STEAM жобасы біріктірілген. Оның негізгі идеясы – математика, жаратылыстану және көркем еңбек сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту. Физика кабинеттері жетекші әлемдік PHYWE компаниясының заманауи цифрлық әзірлемелерімен жабдықталған: 80-нен астам құралы бар толыққанды виртуалды зертхана – ROQED Physics Lab қосымшасы, Сobra датчиктері. Сонымен қатар, ғылыми эксперименттер үшін күн панельдері, жел генераторлары, ADM3 электр жинақтауышы және т.б. бар. Телестудия мен кинофотозертханада балаларға ескі фотосуреттерді ретушь көмегімен қалпына келтіру үйретіледі. Мектеп қаланың тарихи мұражайларымен меморандум жасасуды және оларға мұрағат кадрларын өңдеуде волонтерлік көмек ұсынуды жоспарлап отыр.

BI Group Директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахимбаев:

«Біздің компания нүктелік құрылыстан аумақтарды кешенді игеруге көшті. Енді өз саябағы мен қоғамдық кеңістігі, балабақшалары мен мектептері бар коммуникациялар мен инженерлік жүйелерді жайластыра отырып, тұтас кварталдарды тұрғызу басымдыққа ие болып отыр. Біз – «қала ішіндегі қалалар» бигвиллін жасаудамыз. Қазіргі таңда холдинг осындай үш жобаны: GreenLine («Хан Шатырдың» артында), Nexpo (Mega Silkway мен Ехро кешенінің жанында) және Capital Park (Керей, Жәнібек хандар көшесінде, Президенттік саябақ жанында) жүзеге асырып жатыр. Жаңа жыл қарсаңында ашылатын жаңа BINOM мектептерінің бірі – Capital Park бигвиллінің бөлігі».

BINOM міндеті – қазақстандықтарға халықаралық стандарттар бойынша ақысыз негізде сапалы білім беру. Әр мекеме екі ауысымда 4 мың балаға есептелген. Жаңа форматтағы мектептердің басты артықшылықтарының бірі – ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін қолайлы оқыту ортасы болып табылады. Жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) қағидаты бойынша BI Group инновациялық құрылыс холдингі және Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен іске асырылуда.

 

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар