28 ДЕКАБРЯ / 20 BI Development
Нұр-Сұлтан қаласында 178 отбасы пәтер кілтіне ие болды
фывфыв

Жаңа жыл қарсаңында жаңадан салынған Aitys тұрғын үй кешеніндегі пәтер иелері қоныс тойын тойлайтын болады.

Тұрғын үй кешені комфорт-класс санатына жатады, алайда кейбір элементтері бизнес-кластан алынған. Жобаға қатысушы топтың осындай тамаша тапқырлығының арқасында тұрғын үй кешені өте әдемі болып салынған. 

Ең бірінші көзге түсетіні – үйдің сыртқы бетінің KMEW жапон компаниясының өнімінен жасалғаны. Дәл соған ұқсас түрі басқа түсте бизнес-класс санатындағы «Жасыл квартал» тұрғын үй кешенінде қолданылған еді. Пандемияға байланысты Күншығыс елінен қажетті материалдарды жеткізу бір айға кешіктірілді. Десе де, Aitys мерзімінен 5 күн бұрын берілгелі отыр. Жапондық фиброцемент панельдері астананың желіне төтеп береді. Бөлу жолақтары ғимараттың іргетасы шөге бастағанда пайда болатын жарықшақтың алдын алып, ал бұрандалардың болмауы эстетикалық көрінісін сақтап тұрады. 

Екінші жағымды әсерді үйдің терезелері қалдырады. Комфорт-класындағы үйдің қабырғаларының биіктігі аласалау болғандықтан, панорамалық терезелерді орнату мүмкіндігі жоқ. Алайда бұл жерде де құрылысшылар жолын тапқан. Терезелерді биіктетуге болмаса да, кеңейтуге болады. Пәтерге үлкен пішімді терезелерден жарық молынан түсіп, тұрғындар сыртқы әлемді кеңінен көре алатын болады.

Айтпақшы, «Айтыс» тұрғын үй кешені көлік тұрағында да терезелері бар комфорт-класындағы алғашқы үй болды. Бұл әдеттен тыс ерекше жарық көрінеді, электр қуаты үшін де аз ақша төленеді.  

Мұнда бәрін барынша ашық істеуге тырысқан. 

Лифтілер де адамның назарын аудартады. Біріншіден, олар пәтерлердің қабырғаларына жапсарлас салынбаған, бұл қабырғаның дірілдеу деңгейін төмендетеді. Екіншіден, кіреберістегі лифтінің алдына кварц тасы қолданылған. Материалдың беріктігі бойынша мәрмәр тасынан кем түспейді, ал бағасы жағынан арзандау түседі.  

Тұрғындардың қауіпсіздігіне тәулік бойы тұратын күзет жауап береді. Әр пәтерге екі-екіден өртке қарсы дабыл орнатылған. Барлық қабатта өрт сөндіру құралдары мен түтінді жұтып алатын қақпақшалар бар.

Клиенттер үйлерін көргенде риза болды. «Жаңа жыл қарсаңында пәтерімізді алғанымыз – жақсы белгі», - дейді жаңадан қоныстанған тұрғындар.

Ержан: 

- Ботаникалық бақтың жанында болғанына қарамастан, мұнда да ағаштар мен бұталар отырғызылды. Құрылысшылар көктемде қосымша көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге уәде береді. Маған ауланы оңашалап бөлгені ұнады. Бір жағына белсенді өмір салтын ұнататындар үшін футбол алаңы, тренажерлер, балалар сырғанайтын төбешік орнатылса, ал екінші жағы тыныш отырып демалатындар үшін жасалған.

Әлия: 

- Үйді орналасқан жерінің әдемілігіне байланысты таңдадық. Шындығында, жақын жерде №84 мектеп-лицейі бар. Жолдың қарсы бетінде Ботаникалық бақ, Mega Silk Way сауда ойын-сауық орталығы, түрлі спорттық және білім беру нысандары бар. Маған «Айтыскер» композициясы ерекше ұнады. Енді селфи жасайтын боламыз. 

Дана Сабыржанова, жобаның бас инженері: 

- Бізге бүкіл әлемде қиындық тудырған жылы компанияның соңғы жобасын тапсыру құрметі бұйырды. Клиенттерге бақыт пен махаббат тілеймін. Біз үйді салып бердік, ал үйлеріңіздің ішіне жайлы жағдай жасау өз қолдарыңызда.

Тұрғын үй кешенінде сатылатын қоймалар мен көлік тұрақтарындағы орындар бар. Толығырақ мәліметті сату бөлімдерінен немесе 360 нөмірі бойынша біле аласыздар. Ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар