25 НОЯБРЯ / 20 BI Development
Алдымен кілт, содан кейін ғана төлем! BI Group пен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жаңа келісімі Шаңырақ «5-10-20» бағдарламасы қатысушыларының несиелік жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді
фывфыв

BI Group пен Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) Шаңырақ «5-10-20» бағдарламасы аясында серіктестік келісімшартқа қой қойды.

Енді әкімдіктерде кезекте тұрған адамдар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы займ рәсімдеп, BI Group компаниясының салынып жатқан тұрғын үй кешендерінен пәтер алатын болса, үй құнынан 7% жеңілдікке немесе несие алынған күннен бастап бір жыл ішінде ай сайынғы төлемді өтеу кезінде несиелік жүктемені азайтуға қол жеткізе алады. Демек, Шаңырақ «5-10-20» бағдарламасы бойынша BI Group компаниясы салып жатқан тұрғын үйлерден пәтер таңдап, оны алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде займ рәсімдеген тұрғындар, алғашқы 12 ай несие пайыздарын төлеуден босатылып, тек жинағына ғана салым жасап тұрады. Осы арқылы құрылыс компаниясы клиенттеріне жүктелген қарыз ауыртпалығын азайтып, қолайлы шарттармен жайлы баспана алуға мүмкіндік береді.

Шаңырақ «5-10-20» бағдарламасы тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы кепілдігімен үлестік қатысу шарты негізінде BI Group компаниясының төменде көрсетілген тұрғын үй кешендерінен несиеге баспана алуға мүмкіндік береді. Атап айтсақ: «Asyl Mura» (Нұр-Сұлтан қ.), «Бестерек» (Нұр-Сұлтан қ.), «Сердце Столицы» (Нұр-Сұлтан қ.), «Nova City на Туране» (Нұр-Сұлтан қ.), «Sezim Qala» (Нұр-Сұлтан қ.), «Nova City на Рыскулбекова» (Нұр-Сұлтан қ.), «Gulder» (Алматы қ.) және т.б.

Шаңырақ «5-10-20» бағдарламасының іске қосылуы көптеген жылдардан бері баспана кезегінде тұрған қазақтандықтарға жеке шаңырақтарының иесі атануға мүмкіндік берді. Енді еліміздің тұрғындары тиімді бағамен сапалы жылжымайтын мүлікке қол жеткізе алады», - дейді BI Group-тың коммерциялық директоры Әсел Жүнісова.

Шаңырақ «5-10-20» бағдарламасының шарттары өте қарапайым. Жеңілдетілген несие алатын қатысушы (табысын растаған жағдайда) 10% бастапқы жарна енгізеді. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5% (ЖТСМ 5,2% бастап). Несиенің ең жоғарғы мөлшері - 18 миллион теңге, несиелендіру мерзімі 20 жылға дейін. 

«Биыл Шаңырақ «5-10-20» бағдарламасы бойынша қолжетімді баспанамен 7-8 мың қазақстандық отбасын қамту жоспарланып отыр. 100-ге жуық қазақстандық құрылыс компаниялары өздерінің жаңа тұрғын үй нысандарын ұсынды. Алайда BI Group компаниясы алғашқылардың бірі болып, бағдарлама қатысушыларына несиелік жүктемені азайтып отыр», - дейді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев.

Бағдарламаға қатысу үшін соңғы алты ай ішіндегі отбасының әр мүшесіне келетін отбасылық табыстың бір айлық көлемі 3,1 күнкөріс минимумынан аспайтын (2020 жылдың 1 сәуірінен бастап КМ – 32 668 теңгеге тең) еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістің (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығы мен басқа да міндетті аударымдарды есептемегенде) болуы талап етіледі. Яғни, 2020 жылы отбасының әр мүшесіне келетін табыс көлемі 101 270 теңгеден аспауы тиіс.

Заемды алу үшін өтініш берушінің жинақ шотында несие көлемінің 10% кем түспейтін тұрғын үй құрылыс жинағы болу керек. Әкімшілік кезегіне қай уақыттан бастап есепке тұрғаныңызды egov.kz сайты арқылы немесе жергілікті атқарушы билік органдарынан білуге болады.

Әкімдік кезегінде тұрған азаматтар бағдарламаға қатысу туралы өтініштерін тек www.hcsbk.kz сайты арқылы электронды түрде бере алады. Бұл Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің клиенттеріне де, әзірше банктен салым ашып, клиенттер қатарына қосылып үлгермеген тұрғындарға да қатысты. Ал жылжымайтын мүлік түрлерін bi.group сайтынан табуға болады. Толығырақ ақпарат алу үшін BI Group-тың сату бөлімдеріне немесе 360 телефон нөміріне қоңырау шалыңыз (ұялы телефоннан тегін).

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар