27 ФЕВРАЛЯ / 18 BI Development
«7Я»-да Ашық есік күні өтті
На казахском

Өткен сенбіде «7я» тұрғын үй кешенінің 4-кезегінде ашық есік күні өтті. Сенбілік таңды экскурсиядан бастаған болашақ тұрғындар жоба туралы маңызды мәліметтер алды, тіпті болашақ көршілерімен де танысып үлгерді.

Бұл үйдің ерекшеліктері туралы бақыт менеджері Георгий Чаркин айтып берді:

- Біріншіден, пәтерді шудан оқшаулау үшін, «Стена в стене» технологиясын қолданудамыз, сонымен қатар кіре беріс дизайнын түбегейлі өзгертуге жөн көрдік, сол арқылы әрбір үй кезегі өздігінен ерекшеленеді. Объектінің құрылысына цинтрин сияқты сапалы материалдар қолданылды. Дәл осы кезек 21 қабаттан тұрады, пәтерлер саны – 119. Үйді жоспарланған мерзімде, яғни 2018 жылдың тамызында тапсырамыз.
Орналасқан жері:
- «7я» ТҮК өте ыңғайлы жерде орналасқан. Өйткені, ауданның инфрақұрылымы жақсы дамыған, үйден бірер қадам жерде білім беру мен медициналық орталықтар, ойын-сауық орталықтары бар. Үй қаламыздың ең маңызды жолдары Тәуелсіздік даңғылы мен Шарль Де Голль көшесі қиылысында орналасқан, - дейді Георгий.

- Бізге ашық есік күнін ұйымдастырғанына рахмет! Үйіміздің қандай болатыны туралы бізде қандай-да бір түсінік пайда болды. Енді пәтеріміздің жаңа кілтін асыға күтеміз, – дейді болашақ тұрғындар.

- Алғашында өзімізге үй іздеп бастағанда, біз сөзсіз BI Group компаниясы жайлы ойлағанбыз. Оның үстіне туыстарымыз BI Group тұрғызған үйлерде тұрады.

Қонаққа барып тұрған сәттерде, біз осы үйлердің сапалығы мен сенімділігіне көзімізді жеткіздік. Әйтеуір, арманымыз орындалды! – деп ойымен бөлісті Әсем есімді болашақ тұрғындардың бірі.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар