03 МАРТА / 21 BI Development
Қазақстанның құрылыс саласындағы инновация: модульдерден құрастырылған тұрғын үй
фывфыв

Нұр-Сұлтан қаласында индустриялық-модульдік құрылыс технологиясын қолдана отырып, «7Я» тұрғын үй кешенінің үшінші кезегі салыну үстінде. Біздің ел үшін бірегей нысан елорданың оң жағалауында «Астана Молл», Оқушылар сарайы, медициналық және білім беру мекемелерінің жанында, инфрақұрылымы дамыған ауданда орналасқан.

Модульдік құрылыс – осы саладағы басты инновациялық үрдістердің бірі. Бұл әдіс біздің елде қолданылып жүрген технологиялармен салыстырғанда, бірнеше есе тезірек, экологиялық таза және шығындарды айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Қытай, Жапония, Сингапур, АҚШ және Швеция сияқты дамыған елдердің тәжірибесі осыған дәлел. Айта кететін болсақ,  Швецияда тұрғын үйлердің 90 пайызы модульдік технология бойынша салынған.

Қазіргі уақытта «7Я» тұрғын үйі ғимаратының 15-қабаты жиналуда, сосын 16-қабат пен техникалық қабаттар қалады. Аталған жұмыстар аяқталған соң үй инженерлік желілерге қосылып, абаттандыру жұмыстары басталады.

«7Я»-3 тұрғын үй кешені BI Group холдингінің еншілес компаниясы Nova City Development үшін салынып жатқан тұрғын үйден емес, құрылысы аяқталған және пайдалануға дайын тұрғын үйден пәтерлерді сатудағы алғашқы жобасы. Сатып алушыларға пәтерлердің орналасу жобасы ұнайтыны сөзсіз, мысалы бір бөлмелі пәтерлердің терезесі аулаға да, көшеге де қарайды.

 «Тұрғын үйдің модульдерден құралғаны оның ерекшелігі болып табылады. ModeX фабрикасында алдымен жеке секциялар, яғни бөлмелер құралады, сосын Lego жиынтығындағы секілді құрылыс алаңында бөлмелерді пәтерлерге, содан кейін үй ретінде құрастырады. Осы жаңа технология - консервативті құрылыс саласындағы революция», - деді жоба менеджерінің орынбасары Мұратбек Исин.

Модульдерді жасаудың әр сатысында кіріс және операциялық бақылау жүреді, өндіріс алаңы әрдайым тұрақты температура және жарықтандырумен қамтамасыз етілген, бұл кешеннің жоғары сапалы болуын қамтамасыз етеді. Осындай қолайлы жағдайларда қабырғалар бір тегіс болып салынады. Жаңа технология бойынша салынған үй дыбыс оқшаулау деңгейінің жоғарылығымен ерекшеленеді. Әр бөлме – көршілес бөлмеге тимейтін жеке капсула, осының арқасында дыбыс оқшаулау деңгейі 59 дБ құрайды, мемлекеттік талап 52 дБ құрау керек.

Керамзитбетон жылуды жақсы сақтайды. Зауыт өнімі Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының мамандары жүргізген 8 бірдей беріктік сынағынан өтті. Зерттеу жұмыстарын зертхана меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, профессор, академик Али Беспаев және монолитті бетон құрылымдары бөлімінің меңгерушісі Ұлан Құралов бірлесе жүргізді.

Жаңа үйдегі сыртқы қабырғалардың қалыңдығы 120 миллиметр, тағы 12 миллиметрді жылу оқшаулау және үйдің сыртқы беті құрайды, фиброцементті панельдері Австриядан алынады. Тұрғын үй кешені комфорт класына жатады. Қабырғаның биіктігі - 2,7 метр, ал терезелер 1,6 метр болады. Сыртқы есіктері электрондық құлыппен құлыпталады. Жоба тобындағы мамандар тұтынушылар мен қызмет көрсетуге ыңғайлы болуы үшін көптеген қолайлы қызметтерді қолданып жатыр.

Тұрғын үй кешенінің ауласы алғашқы кезектегі кешендердің аула кеңістігімен бірге қосылған, бірақ модульдік үйдің тұрғындарының өз ауласы да болады. Сондай-ақ жартылай жерасты тұрағы қарастырылған.

Құрылысшылар жобаны аяқтауда және көп ұзамай ондаған қазақстандық отбасы «7Я» тұрғын үй кешенінің үшінші кезегіндегі пәтерлерде өз бақытын табады. Пәтерлерді сату жақын арада басталады. Толық ақпаратты Nova City Development сату бөлімдерінде немесе 340 нөміріне қоңыру шалу арқылы біле аласыздар. Ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.


Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар