19 МАРТА / 20 BI Development
Астанада Абай Құнанбаевтың құрметіне аталған үйдің құрылысы басталды
фывфыв

Астанада Абай Құнанбаевтың құрметіне аталған үйдің құрылысы басталды

Биыл еліміз үшін де, компаниямыз үшін де ерекше жыл. Ұлы ақынның 175 жылдығы және BI Group-тың 25 жылдығы. Осыған орай, жаңа тұрғын үй кешенімізді қос мерейтойға арнап, Asyl Mura деп атадық. Оның бірінші кезегі – Абай атамызға арналмақ.

Жаңа комфорт класты тұрғын үй кешені «Хан Шатырдың» жанында, белгілі абайтанушы Қайым Мұхамедханов көшесінде орналасқан. Оған қоса, Ғашықтар аллеясы, «Астана Опера» театры үйден бірер қадам жерде тұр.

Asyl Mura тұрғын үй кешенінің Abai блогы модерн стилінде орындалған 16 қабатты төрт үйден тұрады. Қасбеті – фиброцементтік панель. Мұнда барлығы 357 пәтер, 13 кеңсе және 154 орынды паркинг болады. Пәтер төбесінің биіктігі - 2,7 метр, ал терезелері – 1,9 метр, есесіне бөлмелерге жарық жақсы түседі.

Жабық үй ауласында футбол-хоккей алаңдары, сондай-ақ ересектер үшін демалыс орындары қарастырылған. Үй комфорт класты болғанымен, пәтер есіктеріне электронды құлыптар, IP-домофон орнатылады.

-Клиент қалауы бойынша, «ақылды үй» жүйесінің басқа да опцияларына тапсырыс бере алады. Мысалы, судың ағып кетуін болдырмайтын электронды клапан немесе бейнебақылау камералары. Осы маңызды әрі жауапты жобаны бізге сеніп тапсырғанын мақтан тұтамыз, - дейді жоба жетекшісі Сәкен Құлбаев.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар