17 МАЯ / 22
«Мегастрой ЛТД» ЖШС облигацияларын ұстаушылардың сырттай жиналысы
На казахском

ХАБАРЛАМА

«Мегастрой лтд жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – «Мегастрой лтд.» немесе «Эмитент»), Эмитенттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Сығанақ көшесі, 17М құрылыс, осымен «Мегастрой лтд.» ЖШС облигациялық бағдарламасы шеңберінде облигациялардың бірінші (ISIN KZX000000773) және екінші (ISIN KZX000000906) шығарылымдарын ұстаушыларды мынадай күн тәртібімен облигация ұстаушылардың сырттай жалпы жиналысын шақыру туралы (бұдан әрі – «облигациялар») хабардар етеді:

1.    Облигациялар бойынша кепілгерді «BI-Holding» ЖШС-дан «BI Group Ltd.» жеке компаниясына ауыстыру туралы (бұдан әрі – «ЧК BI Group Ltd.»).

Облигациялар ұстаушылардың осы жалпы жиналысы облигациялар бойынша кепілгерді ауыстыру туралы, атап айтқанда, облигациялар бойынша кепілгерді «BI-Holding» ЖШС-дан АХҚО-да тіркелген ЧК BI Group Ltd-ға ауыстыру туралы мәселені қарайды.

Облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысын шақырудың бастамашысы «Мегастрой лтд ЖШС қатысушылары болып табылады («Мегастрой лтд.» ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысының 2022 жылғы 27 сәуірдегі №2 хаттамасы).

Бюллетеньдерді берудің басталу күні – 3 мамыр 2022 жыл.

Бюллетеньдерді қабылдаудың аяқталу күні – 16 мамыр 2022 жыл, Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 19:00-ге дейін.

Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу күні – 17 мамыр 2022 жыл, Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 15:00-ге дейін.

Облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар облигацияларды ұстаушылардың тізімін жасау күні мен уақыты – 8 сәуір 2022 жыл, Нұр-Сұлтан қ. уақытымен 00 сағат 00 минут.

Облигация ұстаушылардың сырттай жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар ұстаушылардың танысуы үшін Эмитент https://megastroy-ltd.kz пен BI Group сайтында https://company.bi.group/ru/press дайын, әрі қолжетімді.

Дауыс беруді өткізу тәртібі

Сырттай дауыс беру үшін бюллетень жіберу арқылы дауыс беретін облигация ұстаушылар тегін, атын, әкесінің атын көрсетуге және дауыс беру нұсқаларының бірін таңдауға тиіс.

Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге ұстаушы-жеке тұлға (жеке тұлғаның өкілі) оның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді (жеке куәлігінің/ паспортының нөмірі, берілген күні, құжатты берген орган және жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН)) көрсете отырып, қол қоюға тиіс. Сондай-ақ облигация ұстаушысы жеке басын куәландыратын құжат көшірмесін ұсынуы керек.

Облигацияны ұстаушы-заңды тұлғаның сырттай дауыс беруі туралы бюллетеньге оның басшысы (облигацияны ұстаушы – заңды тұлғаның өкілі) қол қоюға тиіс.

Облигацияларды ұстаушы – жеке тұлғаның не облигацияларды ұстаушы – заңды тұлғаның басшысының немесе облигацияларды ұстаушы - жеке тұлғаның өкілінің не облигацияларды ұстаушы – заңды тұлға өкілінің қолы қойылмаған бюллетень жарамсыз деп танылады.

Бюллетеньде дауыс беру нұсқаларының біреуі ғана белгіленуі керек.

Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньді «Мегастрой лтд.» ЖШС алуы қажет немесе Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Сығанақ көшесі, 17М құрылыс мекенжайы бойынша орналасқан «Мегастрой лтд ЖШС кеңсесіне 2022 жылғы 16 мамыр, сағат19:00-ге дейін қолма-қол ұсынылуы тиіс.

Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге облигацияларды ұстаушының өкілі қол қойған жағдайда, сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге сенімхаттың немесе облигацияларды ұстаушы өкілінің өкілеттігін растайтын өзге құжаттың көшірмесі қоса беріледі.

Дауыстарды санау кезінде дауыс беру тәртібі сақталған және дауыс берудің тек бір ғана ықтимал нұсқасы белгіленген дауыстар есептеледі.

Материалдар бойынша, сондай-ақ облигация ұстаушылардың сырттай жалпы жиналысын өткізу бойынша сұрақтардың жауабын жұмыс уақытында мына телефон арқылы: +7 (7172) 644 000, вн. 800 немесе электронды поштамен aringazinova_d@bi.group, a.aldabergenova@jusaninvest.com мекен-жайына хабарлама жіберу арқылы алуға болады.

Онлайн конференцияға сілтеме: «Мегастрой Ltd» ЖШС дебюттік облигацияларын сәтті өтеу және BI Group стратегиясы https://www.youtube.com/watch?v=PONwWGysT2g

БЮЛЛЕТЕНЬ (жүктеу үшін басыңыз)

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар