31 ДЕКАБРЯ / 19 BI Development
Мереке қарсаңында 248 отбасыға пәтер кілті табысталды
На казахском

Мереке қарсаңында 248 отбасыға пәтер кілті табысталды

Жаңа жыл қарсаңында Adal тұрғын үй кешенінің 1-ші кезегі тапсырылып, жаңа пәтер иелеріне пәтер кілті табысталу басталды. Жаңа тұрғын үй кешені елордамыздың қарқынды дамып келе жатқан ауданында, Ұлы Дала даңғылының бойында орналасқан. Үй – 8 қабатты. 1-ші кезек - 7 блоктан және 94 орынды жер асты автотұрағынан тұрады.

Тұрғын үй кешенінде тұрғындардың жайлылығы үшін барынша жағдай жасалынған. Бұл кіреберістер мен холлдардың дизайны, мектеп-балабақшаларға жақын орналасуы. Тұрғындар үшін маңыздысы – ауладағы қауіпсіздік, сондықтан кешен аумағын бейнебақылау мен күзет қызметі бақылайтын болады.

Жоба жетекшісі Арман Искужанов: «Бұл үйдің ерекшелігі – ол кірпіштен қаланған. Сондай-ақ, үй ауласына біз белгілі шахматшы А. Е. Карповтың құрметіне аталған «Карпов» күркесін орнаттық. Тағы бір жаңашылдық – спорт туралы қызықты фактілер жазылған фитнес-баспалдақтар, өйткені лифтіден гөрі, баспалдақпен түсіп-мінген денсаулыққа әлдеқайда пайдалы. Жаңа жыл қарсаңында баспаналы болған барша тұрғындарды жаңа қоныстарымен құттықтаймын!».

Қазір Adal тұрғын үй кешенінің 2 және 3 кезектері салынуда.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар