16 ОКТЯБРЯ / 20 BI Development
Akbulak Riviera – таңдаулыларға арналған апартаменттер
На казахском

Есіл өзенінің жағасындағы жаңа кешен жабық клубтың бір бөлігі болуға мүмкіндік береді.

Бұл еш асыра айтқандық емес. Akbulak Riviera премиум-класты апартаменттер, шын мәнінде – таңдаулы адамдарға арналған резиденция. BI Group клубтық апартаменттері –  эксклюзивті жобасы тіпті жоғары деңгейлі тұрғын үй кешендерінің өзін шаң қаптырады. Біз сіздерді кешеннің көптеген артықшылықтарының ішінен тек кейбір деректерімен ғана таныстыратын боламыз.

Орналасқан жері: өз жағалауы бар

Akbulak Riviera кешені үшін елорданың ең жақсы орны – Ақбұлақ каналының дәл өзенге құятын жағалауы таңдалды. Әрқашан ауасы таза, жасыл желекке малынған, керемет көрініске тұнған аудан; айналасын Триатлон саябағы, Орталық саябақ, «Жетісу» саябағы мен Ж.Жабаев атындағы саябақтар қоршап жатыр. Қаланың сол жағалауындағы әкімшілік орындары мен оң жағалаудың шет аймақтарына бірдей уақытта жылдам жетуге болады. Таңертең жағалаудың бойымен жүгірсеңіз де, саябақта серуендеп, достарыңызбен кездессеңіз де, өз таңдауыңыз. Қалаған ережеңіз бойынша өмір сүре аласыз, бастысы – бәрі қолжетімді жерде, көлікпен бірнеше минутта жетесіз. 

Экологиясы таза: тұмса табиғат

Табиғатта емір-еркін жүрген қоянға немесе қырғауыл бағатын жердегі құстарға жем беруге, 2000 шаршы метрден астам аумақты алып жатқан аллеяда 10 мың қадам жасап жаяу жүруге немесе таза ауамен дем алуға болады. Akbulak Riviera тұрғын үй кешенінің басым бағыттарының бірі – табиғатты қорғау және көгалдандыру

 - Жобаны салу кезінде біз аумақтағы жасыл желектердің санын барынша сақтаймыз және қосымша бірнеше жүздеген ірі ағаш түрлерін отырғызамыз, - дейді даму бөлімінің менеджері Дінмұхамед Әлиев. - Кешеннің аумағы нағыз табиғи бұрышқа айналатын болады.

Кешеннің сәулеті: Скандинавиядағы Испания

Кешеннің сәулеті испан модернизмінің қағидаттарына, бірақ скандинавиялық түстер үйлесіміне негізделген. Жобаны Шығыс Еуропадағы ең танымал сәулет бюросының бірі LEVEL80 architects әзірлеген. Құрылыстың әрбір қаланған кірпіші люкс класындағы сәнді материалдарды қолдана отырып, жеке авторлық дизайнмен салынды. Сыртқы және ішкі қабырғалардың қалыңдығы дыбыстың естілуін және жылудың сақталуын қамтамасыз етеді. 

 - Осы тұрғын үй кешенін жобалау кезінде біз бірнеше мәселені шештік. Кешеннің орналасқан жері өте әдемі, сондықтан пәтерлердің көпшілік бөлігінен сыртқы көріністің әсемдігін көрсету маңызды. Бұған Амман көшесінен Есіл өзеніне дейінгі қабаттар санын азайту, үйлерді бір-біріне қарама-қарсы тұрғызу, сондай-ақ панорамалық әйнек салу арқылы қол жеткізілді, - деп түсіндірді LEVEL80 architects негізін қалаушы және креативті директоры Кирилл Скоринин. - Маңызды міндеттің бірі – көршілес тұрғындардың бір-бірін біліп, достық қарым-қатынаста араласуына жағдай жасау. Бұған үйдің тығыз салынбауы, сонымен қатар әртүрлі қызмет түрлерімен абаттандырылуы көмектеседі.

Akbulak Riviera-да өз таңдауыңызға қарай Wall-House, Urban-House және Town-House сияқты үш түрлі апартамент бар.  Пәтерлердің барлығынан дерлік жағалауды немесе қаланың таңғаларлық келбетін көруге болады. 

Апартаменттер: сіз күткеннен де керемет

Төбенің биіктігі 3,3 метрден басталады, 3-тен 10 бөлмеге дейінгі пәтерлер, заманауи интерьерлер, әр шаршы метрдің ерекше ойластырылып орналасуы және функционалдығы.

Әрбір пәтерде Connected Home-ның «Күзет» режімі, электр құлпы, ақылды шлагбаум (нөмірді тану), SOS қызметі, өрт дабылы, «бәрін өшіру» опциясы бар жарық пен электр қуатын басқару, су бергіштерді, ашық есікті, қозғалысты, температураны, ылғалдылықты бақылайтын «ақылды үй» жүйесі болады.

Барлық пәтер White Box форматында әрленіп, кіруге дайын күйінде тапсырылады.

Инфрақұрылым: кинотеатр, бассейн және наубайхана 

Бассейні бар фитнес залы, теннис корты, ойын бөлмесі, тұрақ орындарының көптігі, тіпті өз кинотеатры болады, Akbulak Riviera клубтық апартаменттерінің тұрғындарын бұлармен таңғалдыра алмайсыз. Алайда жоба авторлары жайлылық дәрежесін одан әрі көтере білді. Мысалы, кешен тұрғындарына таңертең қалауына сәйкес кофе қайнатып немесе кешке коктейль дайындап беретін бариста қызмет көрсететін болады. Жеке наубайхана жаңа піскен круассандардың иісімен қуантса, ал мейрамхана сан түрлі тағамдарымен таңдай қақтырады. Мұның бәрі кешеннің оқшауланған аумағында орналасқан.

 - Біз тұрғындардың далада көбірек жүргілері келуі үшін барлық жағдайды жасадық. Жасыл желектер арасында серуендеп, Ақбұлақтың жағасында кроссфитпен айналысуға немесе ағаштардың көлеңкесінде сквош ойнауға болады. Абаттандырылған жағалау мен пирс ерекше назар аударуға тұрарлық, - бұған BI Group-тағылар сенімді. 

 Қауіпсіздік: өте жоғары деңгейде

Akbulak Riviera тәулік бойы жұмыс істейтін қуатты күзет жүйесі бар толығымен жабық аумақ болады. Бірнеше стационарлық бекет бүкіл кешенді үнемі аралап тексеріп тұрады. I-Guard жаңа бейнебақылау жүйесі бақылау сызығын кесіп өткен кезде күзетшілерді дереу хабардар етеді, тәртіп бұзушылықты тіркеп, бейнеесеп жібереді, осылайша «адам факторының» кез келген қатесін болдырмайды. Кіреберіс Face ID жүйесімен жабдықталған, пәтердің есігін саусақ ізімен ашуға болады.

Akbulak Riviera-да өмір сүруге сіз әбден лайықтысыз. Бұл үйде сіздің тыныштығыңызды ешкім бұза алмайды, айналаңызда өз ортаңыздың адамдары ғана болады. Мұнда сіз өз жағалауыңызда өмір сүресіз.

 Қосымша ақпаратты 360 телефонына қоңырау шалу арқылы (ұялы телефоннан тегін) немесе bi.group сайтынан біле аласыз.


Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар