26 ЯНВАРЯ / 21 BI Development
Aktau Riviera: Каспий жағалауындағы вилланың қалай иесі болуға болады?
фывфыв
Көптеген адам теңіз жағасында өз баспаналарының болғанын армандайды. Сіз жағалаудағы жылжымайтын мүлікке ақша сала отырып, өз отбасыңызға жеке курорт сатып алып қана қоймай, сонымен бірге жалға беріп ақша таба аласыз. Қазақстандықтардың биылдан бастап бұл армандарының орындалуына мүмкіндік туып отыр, себебі Каспий теңізінің жағасында Aktau Riviera жобасы жүзеге асырылмақ. Жайлылық пен эксклюзивті демалудың бағасын білетіндер үшін нағыз жұмақ болмақ! 

Пандемияға байланысты шекаралар жабылғанда Ақтау отандастарымыз үшін елге танымал болған Анталияның орнын алмастырды. Қазақстандықтар 2020 жылы Каспий теңізінің жағалауын өздеріне жаңалық ретінде ашып, оның ерекше сұлулығы мен өзіндік ерекшелігіне таңғалды. Біз де әсем жерді өз көзімізбен көріп, батыстағы курортты жерде жекеменшік жылжымайтын мүлік сатып алу туралы ойландық.

Aktau Riviera – Ақтау қаласында мемлекеттік туризмді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы көшбасшылардың бірі. Бұл Маңғыстау түбегінде өткен жылы таныстырылған бес жұлдызды Rixos Waterworld Aktau маңында орналасқан 130 гектарға созылып жатқан үлкен квартал. Еуропалық деңгейдегі туристік орталық құру үшін Қазақстанның жетекші компанияларын ынтымақтастыққа шақырған SML Construction компаниясы жерін игерумен айналысатын болады. Солардың ішінде 5 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салған, құрылыста 25 жылдық тәжірибесі бар халықаралық холдинг BI Group та бар.

Aktau Riviera аумағы бірінші жағалау сызығынан бастап қорық аймағына дейін созылады. Демалушылар үйлерінен 2-3 минут қана жаяу жүрсе, жағажайға шығады. 50 вилла, дуплекс пен таунхаус, 1600 апартамент және халықаралық деңгейдегі қонақүй – кешеннің ауқымы таңдай қақтырады. Осы құрылыстың басталуына байланысты Ақтау қаласы Қазақстанда өмір сүріп демалу үшін ең таңдаулы орындардың біріне айналады.
Жобадағы тұрғын үй мен инфрақұрылым керемет үйлестірілген. Мұнда серуендеуге арналған жасыл аллеялар мен тақырыптық саябақ (су, жер және әуе аттракциондарымен) бар. Сәнқойлар үшін жаңа сауда орталығы мен сәнді дүкендері бар сауда аймағы болады. Қонақтар мен тұрғындар үшін SPA, мейрамханалар мен балалар бөлмесі салынады. Ең бастысы, курорттық гольф клубы болады.

Кешен Ақтау қаласының орталығынан 20 минуттық қашықтықта, теміржол вокзалы мен әуежайдан 30-40 минуттық экологиялық таза жерде орналасқан.
«Aktau Riviera – жоғары деңгейде қызмет көрсететін, жеке басқарушы компаниясы, консьерж қызметі бар Батыс Қазақстан үшін жаңа форматтағы тұрғын үй. Ол қатаң түрде еуропалық стильде орындалатын болады. Сапалы құрылыс материалдарының қолданылуы, дизайны мен безендірілуі - барлық бөлшегі біздің клиенттерімізге ыңғайлы әрі жайлы болуы үшін ойластырылған», - дейді BI Group құрылыс холдингінің даму бөлімінің менеджері Еркін Ахметов.
Кез келген нұсқа дизайн жобасына сәйкес минимализмнің талғампаз стилінде толық әрленіп жасалады.

9-17 қабатты бірнеше зәулім ғимараттағы пәтерлер еуропалық стильдегі балкондары мен теңізге қарайтын террасалары бар жайлы пәтерлер түрінде ұсынылады.
Ең талапшыл деген клиенттердің өзін коттедж нұсқалары қызықтыратыны сөзсіз. Олардың панорамалық терезелері мен ашық террасалары жинақы стильде жоспарланған.
Виллалар Connected Home компаниясының «ақылды үй» жүйесімен жабдықталатын болады. Судың ағып кетуіне, температураға, есікті ашуға, дауыстық көмекшіге, «бәрін өшіру» режіміне, өртке қарсы дабылға арналған хабарлағыштар бар. Сұраныс бойынша үй иелері жиһаз бен жарықтандыруды қоса, үйдің толық безендірілуіне тапсырыс бере алады.
Инженерлік коммуникацияларға қатысты Ақтау билігі туристік кешенді орталықтандырылған газбен жылыту, сумен жабдықтау және басқа да желілермен қамтамасыз етуге міндеттенді. Жоспарға әуежай мен курорттық аймақты қалаға кірмей-ақ жалғайтын автобан салу кіреді.

Маңғыстау түбегі тек жағажай демалыстарымен ғана емес, сонымен қатар тарихи орындарды қадірлейтіндер үшін нағыз қазына болмақ: 15-тен астам табиғи көрікті жерлер туристердің қызығушылығын тудырады. Сондықтан жаңа пәтерлердің иелері курортта болған барлық қуаныштарын бағалайтыны және өздеріне ұнайтын демалысты таңдайтыны сөзсіз.
Каспий теңізінің жағалауында орналасқан туристік кешен осы жазғы маусымда қонақтарды қабылдауға дайын болады. Маусым айынан бастап алғашқы үйлердің құрылысы аяқталады! Жалпы жобаның кезектері 2024 жылға дейін тапсырылып бітеді, сондықтан жағалаудағы жылжымайтын мүліктің бақытты иесі болғысы келетіндердің өз шешімін қарастыруға уақыты бар. Тәжірибе көрсеткеніндей, беделді жылжымайтын мүлікке сатылым ашылғаннан кейін ол бірден сатылып кетеді. Ұнаған нұсқаларды 2021 жылғы 27 қаңтардан бастап брондауға болады, шаршы метрі 500 мың теңгеден басталады. 

Толық ақпаратты 360 телефоны арқылы (ұялы телефоннан тегін) немесе BI Group сату бөлімдерінен білуге болады.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар