12 МАРТА / 21 BI Development
Ақтауда BI Group-тың сату бөлімі ашылды
фывфыв

Маңғыстау облысының әкімшілік орталығы BI Group инновациялық құрылыс холдингінің Қазақстандағы құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан алтыншы қаласы және өзінің сату бөлімін ашқан бесінші өңір болды.

Ақтаудағы сату бөлімі Каспий теңізінің жағалауындағы "Елес" заманауи бизнес-орталығында орналасқан.  Мұнда Aktau Riviera кешенінің апартаменттері мен виллалары сатылымға шыққан.

Кешен туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясындағы көшбасшылардың бірі болып табылады. Бұл Маңғыстау түбегіндегі Rixos Waterworld Aktau маңындағы үлкен квартал. Аумақ бірінші жағалау сызығынан басталып, қорық аймағына дейін созылады. 50 вилла, дуплекс және таунхаустар, 1600 апартамент және халықаралық деңгейдегі қонақ үй.  Кез-келген нұсқа таза әрлеуде, дизайн жобасына сәйкес минимализмнің талғампаз стилінде жасалады.

Бірнеше 9-17 қабатты зәулім ғимаратта еуропалық үлгідегі балкондары бар жайлы пәтерлер және теңізге қарайтын терассалары бар апартаменттер  ұсынылады. Ең талапшыл клиенттерді коттедждердің нұсқалары қызықтыратын болады. 

Каспий теңізінің жағалауындағы туристік кешен қонақтарды осы жазда қарсы алуға дайын болмақ. Маусым айында алғашқы үйлердің құрылысы аяқталады. Жалпы жоба кезектері 2024 жылға дейін тапсырылады.

- Әлемдегі шектеулерге байланысты қазақстандықтардың Каспий жағалауына назары ауды. Мұнда әдемі теңіз, қорғалатын аймақ, табиғи көрікті жерлер бар. Өңірде әзірше туризмді дамыту үшін инфрақұрылым жетіспейді, бірақ біздің компания осы "вакуумды" толтыруға ниетті", - дейді BI Group сату департаментінің директоры Әсел Қажымұратова.

Барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілген ашылу салтанатынан кейін, компанияның жаңа сату бөліміндегі жұмыстың бірінші күнінде тұрғын үй сатып алудың 10-нан астам мәмілесі жасалды. Енді ақтаулықтар қаладан шықпай, BI Group-тан өз өңірінде де, бүкіл Қазақстан бойынша да жылжымайтын мүлік сатып ала алады.

Сату бөлімі күн сайын, жұмыс күндері таңғы сағат 9-дан кешкі сағат 20.00-ге дейін, ал демалыс күндері сағат 10-нан 18.00-ге дейін түскі үзіліссіз жұмыс істейді.


Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар