04 ФЕВРАЛЯ / 22 BI Development
Қоныстанушылар President’s Park-тен пәтер кілттерін алды
фывфыв

Сенбі күні Алматыда тұрғындар асыға күткен President’s Park премиум тұрғын үй кешенінің бірінші кезегі тапсырылды. Сәнді минимализм мен жоғары технологиялар BI Group инновациялық құрылыс холдингінің дәл осы жобасында ерекше көрініс тапқан.

President’s Park-тің ең басты құндылығы – оның экологиялық таза ауданда орналасуы. Пәтер терезелерінен Іле Алатауы мен Терешкова шыңдарына ғажайып көрініс ашылады. Алматы тауларының салқыны, ашық шалғындарға шолу және көркем панорама ешкімді бей-жай қалдырмайды.

Нұрлан Камитов, сәулетші, ірі IND Architects бюросының жетекшісі:

"Тұрғын үй кешенінің орналасқан жері қоршаған ортаға ұқыпты қарауды талап етеді. Бұл қаланың ірі рекреациялық массивтерінің бірі, сондықтан демалыс аймағының қолайлы атмосферасын сақтап, өзін-өзі қамтамасыз ететін жайлы урбанизацияланған ортаны құру маңызды болды. Табиғатқа зиян тигізбеу, онымен органикалық бірлікте болу – біз үшін маңызды міндет".

Сонымен қатар, аудан жаңа тұрғындарға кварталдан шықпай-ақ қажеттінің бәрін пайдалануға мүмкіндік беретін дамыған инфрақұрылымға ие. Үй Тұңғыш Президент саябағы және «Жайлау» гольф-клубына жақын орналасқан. Белсенді демалысты ұнататындар мұны сөзсіз бағалайды. Ал көліктік қолжетімділікте: «Мирас» халықаралық мектептері және Haileybury Almaty British School, MEGA мен Esentai Mall СОО, «Алатау» ЕСК, жоғарғы оқу орындары, медициналық мекемелер, балабақшалар мен мейрамханалар бар. Тұрғын үй кешенінің ортасында сатылы субұрқақ-сарқырамасы бар серуендеу аллеясы орналасқан.

Тұрғын үй кешенінің сәулеті функционалдылық және қолайлылықпен сипатталатын заманауи еуропалық стильде орындалған. Әр блок бір-бірінен ерекше бөлшектермен айшықталады. Жалпы, бұл қала маңындағы мекенжайлардың артықшылықтары бар заманауи квартал.

Үй символикасы – алтынмен қапталған керемет жылқылар. Заманауи өмірдің импульсі мен өткен көшпелі мәдениеттің ностальгиясы – функционалды және сәулеттік-көркемдік шешімнің негізін құрайтын басты ұстанымдар.

Тұрғын үй кешенінде барлық периметр бойынша тәулік бойы жүргізілетін бейнебақылау, сондай-ақ ауыз суды сүзу жүйесінен тұратын «ақылды үй» жүйесі көзделген. Сондай-ақ, шу оқшаулауды жақсарту үшін қалыңдығы 275 мм кірпіштен жасалған пәтераралық қабырғалар қолданылады.

President’s Park тұрғын үй кешені сәулетінің артықшылықтарына отбасыңмен және достарыңмен тамаша кештер өткізуге болатын функционалдық шатырлар жатады. Тыныш және белсенді демалыс орындарын бөлуге ерекше назар аударылған: лаунж аймағы, спорттық ойындарға арналған алаң, балалар қалашығы, тренажерлер.

Жеке фитнес-клубы, демалыс аймағы, coworking алаңы, кешеннің барлық блоктарын қосатын аллея – мұнда әрбір тұрғын жайлы, өзі армандағандай өмір сүре алады.

Айдос Мұқатаев, BI Development Almaty компаниясының бас директоры:

«President's Park-ты Алма-Арасан шатқалынан келетін саф ауа ерекше етеді. Мұндағы көзтартарлық сұлулық пен тыныштық әрбір жанға ләззәт сыйлады. Кешен қаланың нағыз көркіне айналды. Біз барлық тұрғындарды құттықтаймыз және оларға бақытты, жайлы өмір тілейміз".

Үйдің бірінші кезегінде 44 отбасы қоныс тойын тойлады. Жақын арада кешеннің тағы бірнеше кезегі тапсырылады.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар