19 МАРТА / 21 BI Development
Amir тұрғын үй кешенін не үшін таңдау керек?
фывфыв

Amir тұрғын үй кешені оңтүстік астанадағы Розыбакиев, Есқараев көшелері мен Радостовец бульварының қиылысында орналасқан.

Даму жөніндегі менеджер Елдар Құдабаев жобаның ерекшеліктері туралы айтып өтті. Өз дене пішімін бір қалыпты күйде ұстағысы келетін тұрғындарға кардио бөлмелері; coworking аймағы, бесік арбалар тұратын аймақтар, велотұрақ бар. Жайлылық пен қауіпсіздік үшін кіру есіктеріне электронды құлыптар және IP-домофон орнатылады.

«Тұрғындардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды: жабық аула, күзет пункттері, бейнебақылау тәулік бойы жүргізіледі, мұның бәрі ата-аналарға балаларын аулаға алаңсыз жіберуге мүмкіндік береді», - дейді Эльдар.

Кешеннің үшінші кезегінде жасыл желекті аумағы бар және тауға қарайтын шатырды пайдалануға беру қарастырылған. Мұндай артықшылықты ешкім бей-жай қалдырмайтыны сөзсіз!

Ауданның дамыған инфрақұрылымы да Amir-ді таңдаудың тағы бір маңызды себебі болып табылады. Мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер, Mega Alma-Ata сауда ойын-сауық орталығы, Magnum Cash & Carry, халыққа қызмет көрсету орталығы мен фитнес орталықтары қол созым жерде орналасқан. Бір сөзбен айтқанда, қалада жайлы өмір сүру үшін бәрі бар.

Ауданда жақын арада  Родостовец бульвары бойында Ходжанов көшесінен Левитан көшесі аралығында жаяу жүргіншілер жолы салынады. Бульвардың бойында мейрамханалар мен кафелер болады. Алматының жылы кештерінде серуендеуге өте ыңғайлы аумақ!

Жоба құрамына 13 ғимарат кіретін 3 кезектен тұрады. Құрылысқа жоғары санатты, сапалы және экологиялық таза материалдар қолданылады. 1-кезектегі пәтер кілттерін тапсыру 2022 жылдың күзіне жоспарланған. Жылжымайтын мүлікті брондау басталды, толық ақпарат алу үшін 360 телефонына немесе BI Group-тың сату бөлімдеріне хабарласыңыздар.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар