25 ИЮЛЯ / 19 BI Construction & Engineering
Archirodon және BI Group компаниясы серіктестік туралы келісім жасасты
фывфыв

Archirodon және BI Group компаниясы серіктестік туралы келісім жасасты

Нұр-Сұлтан, 25 шілде 2019 ж. Archirodon және BI Group компаниясы серіктестік туралы келісім жасасты. Мәміле шарттарына сәйкес BI Group SemArco LLP акцияларының 50%-ын сатып алды. Енді Archirodon иелігінде де аталмыш компания акцияларының 50%-ы қалды.
Бірлескен кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттары - мұнай-газ және мұнай-химия салаларында, ауыр өнеркәсіпте, энергетика салаларында жобаларды бірлесе жүзеге асыру, теңіз жобаларын іске асыру, су тазарту құрылғыларын орнату мен тұщыландыру қондырғыларын тұрғызу. Компания өз қызметін Қазақстан, Ресей, Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Молдова, Грузия және Украина сияқты мемлекеттерде жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Әріптестікті дамытудың келешекте көздеген негізгі мақсаты EPC халықаралық құзыреттерінің өңірлердегі мол жұмыс тәжірибесімен және қуатты өңірлік базамен оңтайлы үйлесімін қамтамасыз етуге неізделген, бұл бизнестің тұрақты өсуіне негіз болады, Қазақстан нарығындағы қызметтің болашағы бар салаларында басым орынға ие болуға, сондай-ақ жоғарыда аталған елдерде жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.
Semarco LLP бірінші санатты EPC лицензияланған мердігері ретінде Қазақстанда бес жылдық жұмыс тәжірибесіне ие. Мұнай-газ саласының ірі операторлары үшін маңызды жобаларды табысты іске асыра отырып, компания өзін көңіл аударуға лайықты, жауапты серіктес ретінде көрсетті. Осылайша аталмыш компания олар үшін негізгі қағидаттары – күрделі жобаларды қауіпсіз түрде, сапалы және уақтылы орындау болып табылатын жауапты мердігердің беделіне ие болды.
"Archirodon инновациялық саясаттың арқасында өзінің 60 жылдық тарихында бүкіл әлем бойынша теңіз және энергетикалық секторларда EPC бірқатар жобаларын жүзеге асырды",-деп атап өтті Archirodon Group-тың бас директоры Деннис Карапиперис.
"Әріптестіктің мақсаты – ТМД мен Қазақстан нарығында жұмыс істей алатын бәсекеге қабілетті қазақстандық ойыншы компанияны құру және ең маңыздысы - клиенттерге баға, сапа және мерзім бойынша үздік шарттарды ұсыну. Біз өзіміздің ресурстарымыз мен артықшылықтарымызды біріктіре отырып, жергілікті ежрді қамту жұмыстарын арттыруды, технологияларды, білім мен құзыреттілікті табыстауды қамтамасыз етеміз", – деп мәлімдеді BI Group директорлар кеңесінің мүшесі Асхат Омаров.
Компания басшылары қызметтің белгілі бір түрлері мен географиялық аспектілер сапалы оқыту мен жаңа технологияларды меңгеру және тәжірибе алмасу арқылы өздерінің жергілікті қызметкерлерінің білімі мен мүмкіндіктерін дамыта отырып, жергілікті қамтуды барынша арттыру арқылы, атқарудың қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуге ұмтылатын ойыншылар үшін айтарлықтай даму потенциалын тудыратынына нық сенім білдірді. Олар сондай-ақ клиенттерге қызмет көрсету сапасы мен қызметтің әлеуметтік бағдарын арттыру бойынша өз мақсаттарын растады.
Archirodon - 1959 жылы құрылған, төрт құрлықта да табысты қызмет атқаратын ірі әртараптандырылған EPC халықаралық тобы. Ол әлемнің 30-дан астам елінде, 260-тан астам ірі жобаны сәтті жүзеге асырған. Бүгінде Archirodon-да компанияның негізгі әлеуетін құрайтын 12 000-нан астам жоғары білікті мамандар жұмыс істейді.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар