26 ФЕВРАЛЯ / 18 BI Development
Астанада өз қонақ мейрамханасы бар үй салынуда
На казахском

Астанада өз қонақ мейрамханасы бар үй салынуда
Бұл салынып жатқан жаңа Avenue 5 тұрғын үй кешенінің тек бір ерекшелігі ғана. Қабанбай батыр даңғылындағы бизнес санатты үй тағы несімен ерекше, ол жайында учаске бастығы Нұрлан Ершохаев айтып берді.
Үскірік аяз, қатты жел жұмыс кестесіне кедергі келтірді. Қауіпсіздік үшін құрылыс жұмыстары 9 күнге тоқтатылды. Алайда құрылысшылар үйді мерзімінде тапсыратынына нық сенімді. Небәрі 7 айда екі блоктың 7 қабаты тұрғызылды. Дыбыстан оқшаулауға мұнда аса мән берілген, пәтераралық қабырғалар керамикалық кірпіштермен қаланған.
Кешендегі пәтер саны 119, паркингте 130 орын.
Ашық есік күніне келген болашақ тұрғындардың көбі компания үйлерінің сапалы әрі сервис деңгейінің жоғары екенінен хабардар, сондықтан құрылыс салушыны таңдағанда еш күмәндары болмаған.
Хадиша Амировна:
- Біз «Байқоныста» тұрамыз, өте жылы, кірпіштен қаланған, бірақ пәтеріміз тоғызыншы қабатта, енді төмен қабатта тұрғымыз келеді. Бұл үйден пәтерді үшінші қабаттан таңдадық, қазіргі үйімізден алыс емес. Компанияның осы уақытта алға басып, құрылыстан жаңа технологияларды қолданып жатқанынан хабардармыз.
Әбіл:
- «Дуэт» тұрғын үй кешенінің тұрғынымын. Жақсы үй, сервис те жақсы, сондықтан BI Group-ты таңдадым. Парк те жақын, велосипед тебу баламыз екеуміздің сүйікті ермегіміз. Үйден сауда-ойын орталықтары да алыс емес. Үйдің дизайны ұнайды, құрылыс та қарқынды жүріп жатыр.
Әдетте үйге қонақ шақырғанда, бұған пәтердің шағын бөлмесі қонақтар үшін, үй иесі үшін де үнемі жайлылық тудыра бермейді. Ал бұған Бесінші авенюдің болашақ тұрғындары еш уайымдамаса да болады. Өйткені кешенде туған күн, мерейтой т.б мерекелік отырыстарды өткізуге арналған қонақ бөлмесі қарастырылған.


Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар