05 ФЕВРАЛЯ / 18 BI Development
Астанада сантехниктерді... оқытатын орталық ашылды!
фывфыв

Әдетте, жастар кәсіпкер, банкир, полиция қызметкері, тіс дәрігері болсам деп армандайды, есесіне қазір жұмысшы мамандықтардың беделі төмендеген. Бұған тұрғын үй-коммуналдық саладағы білікті техникалық мамандардың тапшылығы дәлел. Осыған байланысты, «Астана ЖилСервис» бастамасымен жұмысшы мамандарды даярлайтын оқыту орталығы ашылды.

Жаңа үйлер қазіргі заманауи автомобильдер сияқты, мұнда әр түрлі инженерлік шешімдер қолданылады. Ал бұл сантехник үшін үлкен жауапкершілік. Ол коммуналдық апаттың себебін іздестіріп жатқанда, кешен сусыз, жылусыз немесе жарықсыз қалуы мүмкін.

Сондықтан да, біздің оқу орталығында сантехниктар болған апаттың себебін жойып қана қоймай, оның неден болғанын білу керек, алдын алу керек, әйтпесе бұның арты үлкен шығынға әкеледі, - дейді АЖС директоры Рустам Айтжанов.


Қызметкерлерді 5S философиясы бойынша оқытады, бір сөзбен Үнемді өндіріс, шығындармен күрес, сұрыптау.

Осындай мысалдардың бірі – құрал-жабдықтарға арналған белдік. Белдікте әр құралдың өз орны бар, өте ыңғайлы, уақыт жоғалтпайсыз. 

Сондай-ақ орталық, сантехниктан бөлек, электрші, дәнекерлеуші, әрлеуші тіпті клининг мамандарын оқытады. Қазір құрылыста әр түрлі әрлеу материалдар қолданылады, сондықтан оны қалай және немен тазартқанды да үйреткен дұрыс, - дейді Рустам Айтжанов.

Әзірге Орталықта BI Service қызметкерлері оқи алады. Бірақ алдағы уақытта басқа да ПИК мамандары дайындықтан өте алады. Өйткені техникалық мамандарды даярлау - басқа да құрылыс комапниялар салған үйлер үшін өзекті мәселе.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар