23 ОКТЯБРЯ / 21
Оларға жел де, суық та қорқынышты емес
На казахском

Осылай деп тек көшеттерге ғана емес, өткен сенбіде BI Green жобасы аясындағы кезекті ағаштар мен бұталарды отырғызуға қатысқан адамдарға да айтар едік.  Көгалдандыру жұмыстары үш жерде, атап айтсақ «Арман қала» және «Зеленый квартал» тұрғын үй кешендерінің аумағында және Триатлон саябағында жүргізілді.

«Hilti Kazakhstan» ЖШС-ға қарасты «Негізгі бизнес» бағытының басшысы Алмас Алменкулов:

«BI Group компаниясына осындай іс-шараларды ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреміз. Науқанға қосылып, қаланы көгалдандыруға үлес қосу мүмкіндігі туралы білген кезде біздің барлық топ өкілдері қатысуға шешім қабылдады» - дейді.

Осы күні 1580 ағаш, соның ішінде 3 метрлік терек, қайың, шетен және сәндік бұталар отырғызылды. Ал жалпы санын айтсақ, биылғы күзде науқан аясында барлығы 16 мыңнан астам ағаш отырғызылған екен. Көшеттерді отырғызу жұмыстары қараша айына дейін жалғасады, қысқа төзімді өсімдіктер үшін жылдың осы кезеңіндегі топырақ ең қолайлы болып табылады.

«Зеленый квартал» тұрғын үй кешенінің тұрғыны Санжар:

«Балаларды далаға шығарып, еңбекке баулуға, табиғатты аялауға үйрететін мұндай шараларды аулаларда өткізу өте жақсы идея деп ойлаймын. Былтыр ұлым әлі кішкентай болса да, мен оның атынан ағаш отырғызған едім, ал бүгін ол өзінің алғашқы бұтасын отырғызды».

Келесі ауқымды көгалдандыру науқаны 2022 жылдың көктеміне жоспарланып отыр, аталған іс-шара ел экологиясын дамытуға үлес қосқысы келетін белсенді азаматтарды тартуға бағытталады.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар