21 АПРЕЛЯ / 22 BI Construction & Engineering
BI Group-тың ауруханаларға қатысты ресми жауабы
фывфыв

BI Group холдингі әлеуметтік желілерде модульдік ауруханалар құрылысының құнын көтеру туралы тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді.

BI Group Қазақстанның ірі қалаларында 2020 жылы рекордтық мерзімде 15 жұқпалы аурухана салды. Техникалық тапсырмалардың болмауына қарамастан, Холдинг әлемдік деңгейдегі стандарттарға жауап беретін құрылысты жүзеге асыра білді. Іске асыру қорытындысы бойынша барлық жобалар мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды.

Deloitte халықаралық аудиторлық компаниясы Нұр-Cұлтан мен Алматыда жұқпалы аурулар ауруханаларын салу бойынша шығындардың негізділігін растады. 28.01.2021 жылғы тәуелсіз қаржылық-техникалық талдауға сәйкес BI Group шығыстары жобаларды іске асыру мақсаттарына сәйкес келеді.

Ауруханалардың әрқайсысы бір мезгілде 200 науқасты қабылдай алады, бұл сындарлы кезеңде өте маңызды. Еліміздің медициналық мекемелеріне жүктеме еселеп артқан 2020 жылдың жазы осының жарқын мысалы болды. Модульдік стационарларда 80 мыңнан астам науқас емделсе, оның 7 мыңнан астамы елордалық ауруханада ем алған.

Құрметпен, BI Group Баспасөз қызметі

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар