17 МАРТА / 18 BI Development
BI Group Атырауда алғашқы тұрғын үй кешенін таныстырды
На казахском

Наурыз мейрамы қарсаңында Атырауда Zaman тұрғын үй кешенінің тұсаукесері өтті. Бұл еліміздің мұнай астанасындағы BI Group-тың алғашқы тұрғын үйі.

Астана тұрғын үй нарығының жартысынан көбін алатын BI Group өзін сенімді компания ретінде таныта білді. Осыдан 6 жыл бұрын Алматы нарығына да кірген болатын. Көптеген қазақстандықтардың сұрауы бойынша, компания басқа өңірлерге де шыға бастады, солардың алғашқысы - Атырау.

Кештің ресми қонағы Атырау қаласының әкімі Серік Шапкенов жаңа тұрғын үйдің қаланың көрікті орны болатынына сенімін білдіріп, тұрғындарды жаңа қонысымен құттықтады.

BI Development басқармасының төрағасы Амангелді Омаров, бұл кештің көптеген тұрғындардың BI Group-пен алғаш рет танысуы болып отырғанын, кейбір тұрғындар пәтерлерді Астана мен Алматыдан сатып алған, енді олар пәтерді туған қалаларынан да сатып алуға мүмкіндіктері бар екенін атап өтті.

Үйдің артықшылықтарының бірі – орналасқан жері, оның жанында ірі сауда орталықтар, фитнес-орталықтар, балабақша және мектеп, Атыраудың басты алаңы – Исатай мен Махамбет алаңы орналасқан.

Тұрғындар үшін әр кіреберісте бала арбасы, тіпті паркингте азық-түлік арбасы да қарастырылған.
Кешенде – 475 пәтер бар. Үй 2 қабаттан 16 қабатқа дейін ұласады.
Бұл кешендегі пәтердің шаршы метрінің бағасы – 305 мың теңге.
Жаңа заманның үйінен пәтер алғыңыз келсе, біздің сату орталықтарына қазір-ақ хабарлассаңыз болады.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар