21 АПРЕЛЯ / 18 BI Development
BI Group балаларды дамыту орталығына жөндеу жұмысын жасап берді
На казахском

Компанияның қолдауымен ашылған орталықтың жөндеу жұмыстарын көру үшін және балаларды неге үйрететінін білу үшін біз «Мега» сауда орталығына барған болатынбыз. «Мегада» бутиктер жалға алушыларға дайын күйінде берілмейді, оның да біраз уақыт алатын жұмыстары бар, әрине шығыны бар.
Бұл жерде 3 жастан 14 жасқа дейінгі балалар қатыса алады. Мысалы, 3-4 жастағы балалар «Өнертапқыш» курсын оқиды, 5-тен 7 жасқа дейінгі балалар инженерлік дағдылары мен дұрыс сөйлеуін дамытады. Ал 9 жастан бастап бағдарлама жасауды, роботты техниканы үйренеді, кодтар жазады.
Орталықтың ашылғанына аз уақыт болса да, мұндағы балалардың жеткен жетістіктері бар. Назарбаев университетіндегі Ғылым фестивалінде команда «Роботтар шайқасында» үш турды қатар жеңіп алған.
Орталық директоры Әсел Көпееваның айтуы бойынша, балалар смартфонда уақыт өткізгеннен гөрі, осы сабақтарға қатысқан әлдеқайда пайдалы дейді, өйткені бала мұнда өз-өзін жетілдіре түседі, жаңа достар табады. Әрине, кейбір адамдар, одан гөрі «Лего» ойыншықтарын сатып алып, үйде құрастырған дұрыс деп ойлауы мүмкін. Алайда мұнда балалармен арнайы білімі бар педагог мамандар айналысады.
Мұнда Lego Education бағдарламасынан бөлек Орталықта Дармен Садвакасовтың Шахмат академиясы бар. Мұнда балалар 5 жастан, кейбір жағдайларда 4 жастан бастап қатыса алады.

Орталық аптасына 7 күн жұмыс жасайды, жұмыс уақыты 10.00-22.00. Балалар әсіресе демалыс күндері – ата-аналары шопинг жасағанда көбірек келеді. Алдағы уақытта ата-аналар балаларының қосымша білім алуына көңіл бөледі деп сенеміз.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар