16 ОКТЯБРЯ / 21 BI Infra Construction
Елордаға тағы 2000-нан астам жаңа ағаш сыйға берілді
На казахском

Елді көгалдандыруға арналған BI GREEN жобасы өткен сенбіде енді Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Екі апта бойы Триатлон саябағында ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілуде. 3,5 гектар аумаққа қарағай, шетен, терек және қайың ағаштары отырғызылуда. Ақкөл орманынан әкелінген барлық көшеттің сапасы жоғары әрі жергілікті климатқа жақсы бейімделген.

BI Group қызметкерлерінен басқа акцияға Нұр-Сұлтан қаласы "Алматы" ауданы әкімдігінің өкілдері және Қазақстан спортшылары одағының құрметті мүшелері: Серік Сәпиев, Гюзель Манюрова, Сергей Цырульников қатысты.

Серік Сәпиев, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы: «Елді көгалдандыруға арналған осындай іс-шараның ұйымдастырушыларына рақмет. Біз мұндай іс-шараларды бірге жиі өткіземіз деп үміттенемін». 

Келесі ағаш отырғызу 2022 жылғы көктемде өтеді, жоба аясында қала тұрғындары ағаш егіп, шаһардың экологиялық жағдайын жақсартуға үлес қоса алады.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар