22 ДЕКАБРЯ / 20
BI Group Beeline Қазақстанмен бірлесіп тұрғын үй кешендері мен бизнес-орталықтарын цифрландыруға көшті
фывфыв

BI Group құрылыс холдингі мен Beeline Қазақстан компаниясы екіжақты ынтымақтастықтың басталуымен жаңа «цифрлық дәуірге» қадам басты.

BI Innovations (BI Group компаниясының цифрландыруға жауапты бөлімшесі) және Beeline Қазақстанның өкілдері бірлескен инновациялық жобаларды жүзеге асыру мақсатымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар тұрғын үй кешендері мен бизнес-орталықтарын жобалау, жоспарлау, салу және пайдалану кезіндегі негізгі тәсілдерді жетілдірудің бірқатар бағыттарын анықтады.

BI Group холдингі мен CEO BI Innovations-тың ІТ жөніндегі басқарушы директоры Нариман Мұқышев: «Біздің серіктестігіміз бірнеше салада дамитын болады. Атап айтқанда, күрделі мәліметтерді талдау, «ақылды» үйді дамыту мен ғимаратты басқаруды бақылау. Біз инновациялық өнімдерді жасай отырып, басқа аспектілер бойынша да бірыңғай зерттеулер жүргізуді жоспарлап отырмыз. Тұрғын үй кешендері тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту, ресурстарды ұтымды пайдалану мен отбасылық бюджетті үнемдеу біздің қызметіміздің нәтижесін көрсетеді. Коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығының клиенттері өздерінің бизнесінде тиімді шешімдер қабылдау үшін бірлескен зерттеулердің нәтижесін пайдалана алады»

BI Group пен Beeline цифрлық зертханаларының үлесінде бірқатар жоба бар. Солардың бірі – бірыңғай мәліметтер шинасынан жалпы үй есебі үшін қашықтан ақпарат жинау, сонымен қатар тұрғын үйді жобалап салу кезеңінде әртүрлі есепке алу және қорғау (мысалы, ағып кетуден) құрылғыларын біріктіру.

Сонымен бірге коммерциялық жылжымайтын мүліктің тиімділігін анықтау бойынша пилоттық жоба іске асырылды. Нұр-Сұлтан қаласының екі ауданындағы дәмханалар, сұлулық салондары, стоматология, дәріханалар мен ауруханаларға қаншалықты деңгейде қоңырау шалынатынына талдау жүргізілді. Талдау нәтижелері бойынша жаңадан салынған және жұмыс істеп тұрған коммерциялық үй-жайларда бизнес ашып, оны дамыту жөнінде ұсыныстар берілді.

Beeline Қазақстан компаниясының сату және тұтынушыларға қызмет көрсету жөніндегі коммерциялық директоры Рауан Қабдрахимов: «Біздің компаниямыз тек ұялы байланыс операторы ғана емес. Біз бизнеске ыңғайлы «ақылды» шешімдер мен цифрландыру қызметтерін ұсынамыз. Интернеттегі инновациялық жобалар, big data технологиясы мен күрделі мәліметтерді талдау тек бизнеске қатысты шешімдерді қабылдауға ғана емес, BI Group қызметін пайдаланушылардың жайлы өмір сүруіне де көмектеседі».

Болашақта BI Group пен Beeline басқа да өнімдері бойынша ынтымақтастық аясын кеңейтуді жоспарлап отыр.


Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар