08 ДЕКАБРЯ / 17 BI Development
«BI Group-тан мамандыққа ие бол»: Мен құрылысқа барам!
На казахском

BI Group «Alash Media Group» компаниясымен бірлесе отырып «Мамандыққа ие бол!» әлеуметтік жобасын алғаш рет іске асырды.

Жоба мақсаты – жұмысшы мамандықтардың беделін көтеру және құрылыс пен өндірістегі жұмысшылар тапшылығы мәселесіне қоғамның назарын аудару. Компания еліміздің барлық өңірінен жиналған 10 талантты жасты оқу, тасымалдау және елордада тұру шығындарын өз мойнына алып, құрылыс мамандығын оқытты.

Студенттер BI Университетінде теориялық курстардан өтіп, заманауи Orynbor Towers құрылыс алаңында тәжірибе алды. Қазақстанда тұңғыш рет ай сайын 5 қабатты тұрғын үй салынады. Мұнымен 23 қабатты үй рекордты қысқа мерзімде салынатын болады.

BI Университеті директорының орынбасары Гүлжан Нагимбаеваның айтуынша, кәсіби білімдермен қатар, студенттер команда құру, жеке тиімді қарым-қатынастар бойынша тренингтер өткізді. Кәсіби білімді ғана емес, сонымен қатар клиенттермен, қызметкерлермен тиімді қарым-қатынаста болу маңызды. Қазіргі уақытта студенттер үйлеріне қайтты. Жаңа жылдан соң қайта оралып, BI University-ден және біздің «Мамандыққа ие бол!» жобамыздың финалистерін даярлау үшін арнайы келген «РоскапСтрой» компаниясынан (Екатеринбург қаласының кәсіптік колледжі) арнайы қос диплом алады. Әрине, содан соң BI Group-те жұмысқа орналасады. Олардың кейбіреулері компанияның бөлімшелерінен жұмысқа орналасуға ұсыныс алды. Олар, басқа да жаңадан келгендер сияқты тәжірибеден өтушіден маманға дейінгі кезеңдерді өтуге тура келеді

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар