10 НОЯБРЯ / 20 BI Development
Қазақстандық девелопер рейтингтік агенттіктің шешіміне қатысты түсініктеме берді
На казахском

Standard & Poor ' s Global Ratings халықаралық агенттігі BI Group холдингінің еншілес компаниясы – BI Group Development ЖШС-дан ұзақ және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерді кері қайтарып алу жөнінде шешім қабылдады.

Осыған байланысты, BI Group холдингінің менеджменті рейтингтік агенттіктің бұл шешімі BI Group Development ЖШС-ны холдингті қайта құрылымдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде BI Group тобын шоғырландыру параметрлерінен алып тастаудан туындағанын түсіндіруді қажет деп санайды. BI Group Development компаниясы Холдингтің еншілес компаниясы болып саналады. Ол 2017 жылы S&P Global Ratings қазақстандық ұлттық кредиттік рейтинг шкаласы бойынша "B -" мен эмитенттің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін, "В" қысқа мерзімді кредиттік және "kzBB-" рейтингін алған.  Ал 2018 жылы өзінің тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігін растаған. Аталған еншілес компанияның рейтингін табысты беру үшін критерийлердің бірі қаржы институттары алдындағы борыштық міндеттемелерді толық, мерзімінен бұрын өтеу фактісі болған.

BI Group қазіргі таңда қызметтің тиімділігі мен ашықтығын арттыруға, корпоративтік құрылымды оңтайландыруға, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес корпоративтік есептілік сапасын жетілдіруге бағытталған белсенді трансформациялауды жүргізуде. Аталған жұмыс шеңберінде холдингтің ұйымдық құрылымы мен шығындары айтарлықтай оңтайландырылды. Бұл ретте меншік құрылымынан BI Group Development ЖШС-і  топтың коммерциялық қызметіне және қаржылық нәтижелеріне қандай да бір теріс әсер етпей алып тасталды.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, компанияның келесі жылға арналған жоспарында BI Group холдингінің бас компаниясы болып табылатын BI-Holding компаниясына ең беделді халықаралық рейтингтік агенттіктерден кредиттік рейтинг алу көзделген.

Бұл шешім ірі халықаралық және отандық инвесторлар мен әлеуетті серіктестердің сеніміне ие болу, халықаралық экспансия бойынша топтың стратегиялық мақсаттарын қолдау, топ қызметін әртараптандыру, компания жобаларын дамыту үшін жаһандық нарықтарда қолжетімді қаржы капиталын тарту үшін қажетті қадам болып табылады.

Жаһандық экономикалық дағдарысқа қарамастан, BI Group өзінің қаржылық тұрақтылығын қолдап, бірінші кезекте таза пайданың өсуі және активтерді басқарудың тексерілген стратегиясы есебінен капиталдандыру көрсеткіштерін жақсартуды жалғастыруда.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар