BI Group инновациялық құрылыс холдингі баспа өнімдерін
пайдалануды қысқартуға, сондай-ақ мүмкіндігінше сандық ортаға көшуге ниетті.
Биылғы жылы компания 95% баспа басылымдарынан бас тартады.
Осылайша, құрылысшылар қоршаған ортаға аз шығын келтіре отырып, қалдықсыз
өндіріс саясатын қолдауға ұмтылуда. Барлық қажетті ақпарат соңғы технологияны
қолдану арқылы түрлендіріліп, электронды форматта шығарылады.
Қағаз
өнімдерін тұтынудан бас тарта отырып, құрылыс салушы
бірден екі маңызды мәселені шешеді. Біріншіден, ол табиғатты сақтауға үлес
қосып, өзінің BI Green әлеуметтік жобасын жүзеге асырса, екіншіден, сандық байланыс форматына көшеді.
«Соңғы жарты жыл ішінде блокчейн технологиясының
онлайн-сатулармен интеграциялануының арқасында сатып алу-сатудың қағаз
шарттарында ғана біз 2 млн.астам парақты немесе 200 ағашты үнемдедік. Тұрғын үй
кешендері туралы буклеттер, нұсқаулықтар, визиткалар, папкалар, блокноттар,
каталогтар өндірісі тоқтатылды – бұл тағы 100 млн.бет. Одан
бөлек, Холдинг бүкіл Қазақстанды көгалдандыруға белсенді қатысуда. BI Green
эко-акциясы аясында 25 мыңнан астам көшет отырғызылды. AIIM (Ақпарат және
суреттерді басқару қауымдастығы) мәліметтері бойынша, бір тонна қағаз өндіруге
17 ағаш, 26 мың литр су, 3 текше метр жер, 240 литр жанармай және 4 мың кВт/сағ
электр қуаты кетеді. Оны тұтынудан бас тарту өркениеттің игілігіне бағытталуы
мүмкін барлық осы ресурстарды сақтауға көмектеседі», - деп атап өтті холдингтің
бас директоры Асхат Омаров.
Осы науқан аясындағы қызықты шешімдердің бірі –
жарнамалық өнімдерді шығару үшін баннерлерді екінші рет пайдалану. Енді қайта
өңделген плакаттар клиенттерге арналған сөмкелер, құжаттарға арналған қалталар
және т.б. жасауға пайдаланылады.
Цифрландыру жолындағы үлкен қадам BIG App қосымшасы
болды. Оның көмегімен компанияның 200 000 клиенті жеке кабинетінде жылжымайтын
мүлік құжаттарын сақтай алады. Сондай-ақ, өнім пәтер сатып алудың барлық:
блокчейн технологиясы бойынша сатып алу/сату туралы шартқа қол қоюдан бастап,
кілттерді табыстау сәтінде тұрғын үйді қабылдауға дейінгі процестерді өтуге
мүмкіндік береді. Ал мұның барлығын BI кеңселеріне келмей-ақ, тек қолдағы
смартфонмен жасауға болады. Қосымшаның арқасында тұрғындар жайлы өмір сүруге
қажетті: «ақылды» үйді басқарудан бастап, азық-түлік жеткізу мен шүмекті
жөндеуге дейінгі қызметтер жиынтығын қашықтан алады.
Қағазды үнемдеуге BI Partner порталының көмегімен де қол
жеткізіледі, мұнда 40 мың мердігер компаниямен ЭЦҚ пайдалана отырып, шарттар
жасай алады. Opera Build жобасы құрылыс материалдарын жеткізуден бастап, дайын
нысандарды қабылдауға дейінгі процестерді бақылауға көмектеседі. Жалпы BI Group
бірнеше жылдан бері IT-сервистерді дамытып келеді, олардың барлығы BI Ecosystem
атты ауқымды тетікке біріктірілген. Бұл Қазақстан үшін алғашқы және бірегей сандық
экожүйе.
Еске сала кетейік, жақында мемлекет басшысы кеңсе
қағазына және онымен байланысты тауарларға бюджет шығындарын үш есеге
қысқартуды тапсырған болатын.Тек өткен жылдың өзінде Қазақстанға ішкі нарықта
пайдалану үшін А4 форматындағы кеңсе қағазының 20,4 млн қаптамасы (51 мың
тонна) әкелінген.