29 АПРЕЛЯ / 21
Серіктестік 2.0: BI Group серіктестерінің әл-ауқатына бағыт
фывфыв

BI Group инновациялық құрылыс холдингінің бизнес-серіктестерінің "Серіктестік 2.0: серіктестер әл-ауқатына бағыт" форумы онлайн-режимде өтті. Әлемдік шынайылықтың өзгеруіне және іс-шараның форматына қарамастан, аталмыш алаң құрылыс компаниясының стратегиялық серіктестерімен өзекті және тиімді өзара іс-қимылын көрсетеді.

Жыл сайын, жеті жыл бойы форум өзінің практикалық маңыздылығын дәлелдеп келеді. Ол құрылыс нарығының қатысушылары арасында ашық диалогқа мүмкіндік береді. Онда әркім тиімді ынтымақтастыққа және адал серіктестер пулын қалыптастыруға өз үлесін қосады.

"Біз екінші рет дәстүрлі іс-шарамызды онлайн-форматта өткізуге мәжбүрміз. Дегенмен бұл бізге серіктестермен ең өзекті тақырыптарға сындарлы диалог құруға кедергі келтірмейді. Дағдарыс жағдайында мұндай өзара іс-қимыл өзекті мәселелерді, өндірістік және бизнес-процестерді барынша жедел талқылауды қамтамасыз етеді", - деп атап өтті BI Group сатып алу департаментінің директоры Дархан Шілдебаев.

Кездесуде қазіргі жағдайда жұмыс істеу мүмкіндіктері талқыланды. Сондай-ақ, холдингтің ағымдағы және перспективалық жобалары, құрылыс саласының нарығына шолу ұсынылды. Талқылаудың басты тақырыптары серпінді инновациялық жобалар, холдингті цифрландыру курсы, жаңа IT-өнімдер болды. Бұдан басқа, компанияның Қазақстанда және одан тыс жерлерде жаңа нарықтарға шығуын ескере отырып, ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар