03 МАРТА / 18 BI Development
Батыр жігіттер марапатталды!
На казахском

Бүгін біз батыр құрылысшыларды марапаттадық. Еске сала кетейік, кеше 2-наурыз күні жаужүрек құрылысшылар өртке оранған пәтерден үш баланы шығарып, өмірлерін құтқарып қалды. Сосын өрт сөндірушілер келгенде олармен бірге тағы да екі әйелді құтқарды.

Жігіттер Nova City2-де жұмыс істеп жүріп, жетінші қабаттағы пәтерлердің бірінен түтін шығып жатқанын байқайды. Еш ойланбастан, тартынбастан, олар дереу көмекке жүгіреді.

BI Development басқармасының төрағасы Амангелді Омаров бүкіл компанияның атынан жігіттерге қаржылай сыйақы табыс етті:

- Сендердің ерліктеріңнің арқасында адамдар өмірге қайта келді. Желідегілердің бәрі сендердің шапшаң әрі кәсіби түрде қимылдағандарыңа куә болды. Әйелдер мен балалар өміріне араша түскендерің үшін зор алғыс! - деді.

Руслан Беріков, Ақылбек Жақайымымов, Дағыстан Әділбек, Жасұлан Байсейітов, Руслан Жалбақов - міне нағыз қаhармандардың есімдері. Бұлар - біздің әріптестеріміз, серіктес компания қызметкерлері.

Барлық құтқару операциясы тыныш өтті. Альпинстер, монолитшілер, құрылысшылар лаулап жатқан пәтерге басып кірген. Астында Otau Development Group қызметкерлері жаппа әзірлеп тұрды, егер жазатайым біреу құлайтын болса деп. Village Service компаниясының қызметкерлері ыстық шай ұйымдастырды, себебі далада -20 градус аяз еді.

Құтқарылғандардың бәрі аман-есен, денсаулықтары қалыпты.

Адам шығыны болмауы құрылысшылардың алыстан көргіш өткір көздерінің арқасында. Біз үйлерге түтін шығарғыш орнаттық. Негізі ол 30 метрден биік ғимараттарға қойылады. Nova City бар болғаны тоғыз қабатты үй. Бірақ компания басшылығымен мұнда бұл жүйе орнатылған. Соның арқасында түтін шатыр арқылы шығып кетті. Өрт кезінде адамдардың көбі отқа жанып емес, улы газға тұншығып көз жұмады екен.​

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар