10 МАРТА / 21 BI Development
Besterek – BI Group компаниясының Acoustic Pro жүйесімен салған алғашқы үйі
На казахском

«Besterek» сөзі қазақ тілінен «5 терек» болып аударылады, тұрғын үй кешені астананың шуы аз тыныш ауданында, Нұра Есіл каналына жақын жерде орналасқан. Кешеннің пәтерлерінде де тыныш болады. Құрылысқа Оңтүстік Корея мамандарымен бірлесіп жасалған дыбыс оқшаулаудың жаңа стандарты қолданылды.

BI Group компаниясы өз клиенттерінің пікірлерімен санасады. Кейбір клиенттердің дыбыс оқшаулаудың нашарлығына байланысты шағымдарынан кейін үй салушы компания шудың деңгейін өлшеуге арналған жабдық сатып алды. Сонымен қатар «қабырғадағы қабырға» пәтераралық оқшаулаудың жаңа стандарты енгізілді. Уақыт бір орында тұрмайды, сондықтан Холдинг бұл технологияны одан әрі жетілдіруге шешім қабылдады. Қазақстандық құрылысшыларға өзінің жеке акустикалық зертханасы бар Оңтүстік Кореядағы құрылыс салушылардың үздік үштігіне кіретін Daewoo Engineering & Construction компаниясындағы әріптестері көмектесті. Дыбыс оқшаулаудың оңтайлы нұсқасын таңдау үшін сарапшылар ... 280 сынақ өткізді! Нәтижесінде газды блок, акустикалық кішкентай тақта және екі жағында гипс қатырманың 2 қабаты салынған дизайнды таңдау туралы шешім қабылданды. Мұндай қабат артық дыбыстың естілмеуін жақсартып қана қоймай, тұрғындардың пәтерлерін жөндеулеріне ақша үнемдеуге мүмкіндік береді. Гипс қатырма біркелкі тегіс болғандықтан, ешқандай қоспа қосудың қажеті жоқ. Қабырғалар сыланғаннан кейін тұсқағазды бірден жапсыра беруге болады!

Besterek тұрғын үй кешеніне басқа да жаңа стандарттар қолданылды. 

Баспа бетон 

Астанамыз ауа райы күрт құбылмалы аймақта орналасқан. 40 градустық аяз, ыстық, қатты жел, күн сәулесі - мұның бәрі құрылыс материалдарының берік болғандығын талап етеді. Компания өткен жылы баспа бетонын қолдана бастады. Оның өнімдері ерекше, мысалы, еденді паркет сияқты етіп жасауға болады. Солай бола тұра, ол нарықтағы басқа материалдардан гөрі төзімді келеді әрі ұзақ мерзімге шыдап, өзінің түрін сақтайды.


Ауланы күзету пункті

Бұған дейін күзетші автотұрақта отыратын. Қазір үйдің бірінші қабатында немесе ауладағы бөлек бөлмеде отырады. Бұл оған ауланы жақсы көріп отыруға және тәртіп бұзғандарға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.


Пошта жәшіктері қойылмаған

КСРО бір кездері әлемдегі ең көп оқитын елдердің бірі болды. Ол кездері көптеген отбасы газет-журналдарға жазылатын. Қазір адамдардың барлығы дерлік жаңалықты интернеттен оқиды. Сәлемдеме немесе тапсырыспен келетін хат-хабарды Tastamatе поштасынан алуға болады. Адамдар Бірыңғай есептеу орталығынан келетін түбіртектерді мобильді қосымша арқылы алуды жөн көреді. Бұл өте ыңғайлы, көп уақытты үнемдейді әрі төлеу кезінде банктен бонус алуға болады.

Шын мәнінде, пошта жәшіктері қағаз қалдықтарын жинайтын орынға айналды, сондықтан құрылысшылар осы тұрғын үй кешенінде оларды орнатудан бас тартты.

«Біз Besterek тұрғын үй кешенінің бірінші кезегінің тұрғындарын пәтер кілтін алуларымен құттықтаймыз! Барлық пәтер мен кеңселер сатылып кетті, тек автотұрақтар мен қоймалар қалды. Енді пәтерді үшінші кезектегі тұрғын үйден сатып алуға болады, барлығы 6 кезек болады! Кешеннің ортасында мемлекеттік білім беру мекемесін салатын жер қарастырылған», - дейді жоба жетекшісі Абусаид Аюпов.

Бұл ауданның келешегі зор, әсіресе, 2022 жылы Тәуелсіздік даңғылы бойындағы көпірдің ашылатындығы, ЭКСПО Халықаралық көрмесі аумағында орналасқан компаниялардың тұрғын үй кешендерімен көрші болатыны ауданның болашағынан хабар береді.


Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар