24 ЯНВАРЯ / 22 BI Construction & Engineering
Нұр-Сұлтанда тегін 4 мың орындық жаңа буын мектебі ашылды
На казахском

Елордада Сapital Park бигвиллі ауданындағы BINOM TANYM желісінің инновациялық мектебі ашылды. Оқу орны халықаралық білім берудің барлық сұраныстарына және қазіргі балалардың талаптарына жауап береді.

BI Group құрылыс холдингінің Capital Park бигвиллі – Нұр-Сұлтанның жаңа тұрғын метрополисі. 86 гектар аумақта керемет саябақтар мен сәулеті ерекше кварталдар салынуда, олардың алғашқы тұрғындары қоныс тойын да тойлап үлгерді. Әрине, мыңдаған отбасы үшін инфрақұрылым қажет: сауда және медициналық орталықтар, балабақшалар мен үйге жақын орналасқан мектептер.

Игорь Морозов, BI Group МЖӘ басқармасының директоры:

«Біздің компания нүктелік құрылыстан аумақтарды кешенді игеруге көшті. Енді өз парктері мен қоғамдық кеңістіктері, балабақшалары мен мектептері бар коммуникациялар мен инженерлік жүйелерді жайластыра отырып, тұтас кварталдарды тұрғызу басымдыққа ие болмақ. Біз бигвилль –«қала ішіндегі қала» тұжырымдамасын жүзеге асырудамыз. Қазіргі уақытта холдинг осындай үш жобаны: GreenLine («Хан Шатырдың» артында), Nexpo (Expo және Mega Silkway кешенінің жанында) және Capital Park (Керей, Жәнібек хандар көшесінде, Президенттік саябақтың жанында) салып жатыр. Біз бір жыл ішінде тұрғызған жаңа BINOM мектебі Capital Park бигвиллінің құрамына кіреді. Біздің барлық тұрғын үй кешендеріміз әлеуметтік инфрақұрылыммен бірге салынады».

Биылғы оқу жылында бірден үш BINOM School алғашқы оқушыларын қабылдады – Nova City шағын ауданында, Байтұрсынов көшесі ауданында (SARYARQA) және Жағалау шағын ауданында (TURAN). Әр мекеме екі ауысымда 4 мың балаға есептелген. Осылайша, BINOM желісінің ашылуы арқасында 16 мың оқушы жаңа оқу орындарымен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, BINOМ мектебі TALAN бигвиллі салынып жатқан Атыраудан бастап, өңірлерге кіруді жоспарлап отыр.

Жобаны BI Group инновациялық құрылыс холдингі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) қағидаты бойынша іске асыруда. Барлық мектептерде білім беру тегін, сабақ қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Білім беру процессі халықаралық стандарттардың барлық талаптарына жауап береді және ұлы философ-шығыстанушы Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектері негізінде «Аманат» философиясына негізделген.

Мектептің ауқымы мен жабдықталуы таңқаларлық. 22 мың шаршы метрден астам аумақта ең озық жабдықтармен жабдықталған 127 кабинет, физика, химия, биология, нано және биотехнология бойынша 9 зертхана, смарт-сыныптар орналасқан. Оқушыларға арналған шығармашылық және практикалық сабақтар робототехника кабинеттерінде, металл және ағаш ою шеберханаларында, TedxBinom-да өтеді. Кітап оқуды ұнататындарды ең бай басылымдар жинағы бар кітапхана қызықтырары сөзсіз. Мекеме ерекшелігі – 100 орындық кинозал, коворкинг-аймақ және телестудия. Ең бастысы, барлық инновациялар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қолжетімді. Мектептерде инклюзивті орта құрылған, атап айтқанда, жүріп-тұруы шектеулі оқушыларға арналған лифтілер, пандустар, көтергіштер, үстелдер мен парталардың реттелетін биіктігі, тактильді жолақтар және тағы басқалар көзделген.

Мектептің Нұр-Сұлтанның жаңа ауданы Capital Park-те пайда болуы – оның қарқынды өсуіне және дамуына ықпал етеді.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар