18 ЯНВАРЯ / 22
Холдинг қызметкерлері «Болашақ» президенттік стипендиясына ие болды
На казахском

BI University мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум холдинг қызметкерлерінің біліктілігін арттыруы, ғылыми және кәсіби тағылымдамадан өтуі мен шетелдік жоғары оқу орындарына түсуі үшін маңызды қадам болды. Біздің әріптестеріміз басқа үміткерлермен қатар беделді мемлекеттік ғылыми-білім беру бағдарламасына қатысып, лайықты кандидат атану үшін кеңес алып, тыңғылықты дайындықтан өтіп, құжаттар жинаумен айналысты.

Бұл жасалған еңбек зая кеткен жоқ: жаңа 2022 жылы 12 қызметкер «Болашақ» президенттік стипендиясының иегері атанды. Компания барлық әріптес-стипендиаттарды зор қуанышпен және мақтанышпен құттықтайды.

Жоғарыда атап өтілгендей, екі тарап арасындағы меморандум қызметкерлерді оқуға жіберу үшін ғана емес, «Болашақ» бағдарламасының түлектерін біздің Холдингке тарту және жұмысқа орналастыру үшін де демеу болып табылады. Бұл жолға қойылған өзара іс-қимыл кадрлар құрамын одан әрі жан-жақты және сапалы дамыту үшін сенімді трамплин болмақ.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар