BI Group қызмет көрсететін тұрғын үй кешендерінің (ТҮК) тұрғындары мен компания қызметкерлері арасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау және аурудың алдын алу мақсатында арнайы бағдарламаны іске қосты.
Холдингте компанияның барлық басшылығы кіретін жедел штаб құрылды. 12 наурыздан бастап компания бөлімшелерінің қызметкерлері мен келушілерге кіріп-шығу үшін шектеулі рұқсат беру режимі енгізілді. Сондай-ақ, барлық кеңестер мен конференциялар барынша мүмкін болатын дәрежеде қашықтықтан өткізілу режиміне ауыстырылды.
Барлық шетелдік іссапарлар тоқтатылып, ел ішіндегі іссапарлар қатаң шектелді. Тендерлерді өткізу мен ұжымның 50%-ы қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырылды. Кеңселердегі қызметкерлер қорғаныш маскаларын киюге міндеттеліп, әрбір қабатта қолды дезинфекциялауға арналған санитайзерлер орнатылды. Оған қоса, бизнес-орталықтарының ғимаратына бөгде адамдардың кіруіне қатаң тыйым салынды. Компанияның сату бөлімдері тепловизорлармен қамтамасыз етіліп, құрылыс алаңдары мен асханалардағы қауіпті төмендету бойынша қосымша шаралар қабылданды.
BI Clients басқару компаниясы 88 тұрғын үй кешеніне сервистік қызмет көрсетеді. Бұл шамамен 45 мың пәтер және 200 мың тұрғын. Сондай-ақ, 3 мың коттедж компания қызметін пайдаланады. Әлеуметтік байланыстар санын азайту үшін компания сервис бойынша ұзақ мерзімді, шағын өтінімдерге қызмет көрсетуді уақытша шектеді. Тек авариялық өтінімдерге жедел қызмет көрсетілетін болады. Сонымен қатар, профилактикалық мақсатта күніне екі рет: есік тұтқалары, сүйеніштер, лифт басқару батырмалары дезинфекцияланады. Тұрғын үйлерге қызмет көрсету бойынша мәселелерді шешу үшін тұрғындарға BI Clients мобильді қосымшасын пайдалану ұсынылады. Оның көмегімен үйден шықпай-ақ өтініш беруге, төлем жүргізуге және т.б. қызметтерді қолдануға болады.
Объектілердің менеджерлері, клинингтік және қызмет көрсететін компаниялардың қызметкерлері мен техникалық қызметкерлер қорғаныс маскалары және санитайзерлермен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, холдинг қызметкерлері мен ТҮК-нің тұрғындарын коронавирустық инфекцияның алдын алу және оның таралу шараларын болдырмау туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді.