17 НОЯБРЯ / 20 BI Development
Capital Park: барлығы жоспарға сәйкес жүруде
фывфыв

CAPITAL Park тұрғын үй кешенінің екінші кезегінің бірқатар клиенттері объектідегі жұмыс қарқынына қатысты өз алаңдаушылықтарын білдірді. Ашық есік күнінің арқасында кешеннің болашақ тұрғындары жұмыстың кесте бойынша жүріп жатқандығына көз жеткізіп, басқа да жаңалықтармен танысты.

Президенттік парк ауданында аумақты кешенді игеру жүргізілуде. Мұнда тұрғын үйлер салынып қана қоймай, жайлы өмір сүру үшін барлық қажетті инфрақұрылым жасалуда.

Мәселен, көршілес "Саранда" шағын ауданында жаңа жалпы білім беретін мектептің бірнеше қабаты бой көтеріп үлгерген. Қала жоспары бойынша оқу мекемесі 2021 жылы ашылады. Сондай-ақ, жас тұрғындар үшін жаңа ғимараттың жанында мемлекеттік балабақша салу жоспарлануда.

Capital Park тұрғын үй кешенінің екінші кезегінің құрылысы 2021 жылдың ақпанында аяқталады деп күтілуде. Ғимараттың қаңқасы дайын, қазіргі таңда оның ішкі арақабырғалары орнатылып, терезелерді әйнектеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

- Кейбір клиенттер объектіде ештеңе жасалмай жатыр деген пікірде болды. Бірақ ішке кіргеннен кейін олардың барлық күмәндары сейілді. Бірінші кезектегі клиенттердің бір бөлігі екінші кезекте туыстарына пәтер сатып алғаны қуантты. Шоу-румға барғаннан кейін бірнеше адам SmartRemont жасайтын таза әрлеуге қызығушылық танытты, дейді бақыт менеджері Дәулетхан Жақыпбеков.

Бүгінгі күні екінші кезектің сатылымында тек тұрақ орындары қалды. Жақында үшінші кезекте сатылым басталады. Өйткені, мұнда жаңа тұрғын үй массиві салынады. Айтпақшы, аққулар жаңа бой көтеріп жатқан аудандағы тоғанды таңдапты. Құстар қайда ұшу керектігін біледі.

 

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар