15 МАРТА / 19 BI Construction & Engineering
Түркістанда жаңа әкімшілік-іскерлік орталық бой көтереді
фывфыв

Түркістанда жаңа әкімшілік-іскерлік орталық бой көтереді

Түркістан қаласына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин Облыс әкімдігі, басқармалар мен департаменттер ғимараттарының құрылысымен танысып шықты. Ғимаратты BI Group холдингінің BI Construction & Engineering құрылымдық бөлімшесі салуда.
Ғимараттар кешенінің жалпы ауданы 50,5 мың ш.м.
«Ерекшелігі кешен құрылысына энергия үнемдегіш материалдардың қолданылуы. Бірінші кезекте күн батареялары, − дейді жоба жетекшісі Айдан Нарымбаев.
Құрылыс барысында ғимараттың жұмыс кеңістігіне ерекше көңіл бөлінеді. Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің кең кабинеттерінің төбе биіктігі 3-4 метр. Ғимаратта 3000-ға жуық адам еркін жұмыс істей алады.
«Түркістан өзінің қазіргі мәртебесін – облыс орталығын алғаннан кейін қала алдында көптеген перспективалар ашылды. Сонымен қатар, бұл оның алдына бірқатар маңызды міндеттер қойды, оның ішінде қазіргі заман талаптарына толық жауап беретін жаңа ғимараттар құрылысы», - деді BI Group директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев.
BI Construction & Engineering биыл әкімдік ғимаратының құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр. Басқармалар мен департаменттердің кеңселері 2020 жылы пайдалануға беріледі.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар