«Smart Home» немесе «Ақылды үй» жүйесі еліміздің ірі қалаларында дамып келеді. Енді ол BI Group компаниясының клиенттеріне де қолжетімді. Осы жылдан бастап жаңа пәтерлердің басым көпшілігіне осындай технология енгізіледі. «Ақылды» үй деп тұрғындардың қауіпсіздігін және жайлылығын қамтамасыз ететін жүйені түсінген жөн. Бұл тек бизнес класты тұрғын үйлерге ғана қатысты емес. Сондай-ақ компания салатын өзге де пәтерлер бұл жүйемен жабдықталады. Бұл туралы біздің IT мамандар толығырақ айтып берді.
Тимур Жүнісов, 38 жаста, туған қаласы Тараз, Connected Home жобасының бас архитекторы:
– IT саласында жүргеніме 16 жыл. 2018 жылдың мамыр айында бізге осы бағытты дамытуды тапсырды. Бастапқыда командамызда 3 адам еді, қазір 12, оның 9-ы – бағдарлама жасаушылар. Біз, өзін жаңа қызметте сынап көргісі келетін мамандарды BI Group-тың түрлі департаменттерінен іздедік. Өйткені компания қызметкерлерінің тұрғын үй құрылыс саласында тәжірибесі мол. «Ақылды үй» - тұрғын үйдің қазіргі заманғы экожүйесін қалыптастыратын трендтердің бірі. Жыл бойы біз осы жүйенің қандай элементтерден құралу керектігін зерттедік. 2019 жылы тамыз айында Connected Home жаңа BI City Tokyo тұрғын үй кешеніне орнатылды. Осы жылы оны 3 мың пәтерге орнатуды жоспарлап отырмыз. Егер жоспарымызды жүзеге асырсақ, біз отандық «ақылды үй» жүйесін құрғанымызды мақтан тұтамыз.