30 МАЯ / 22 BI Development
Жасыл аймақ, workout–алаң және демалыс орындары: Crocus City 3 тұрғын үй кешенінің ауласы қандай?
На казахском

Crocus City 3 тұрғын үй кешенінде ауланың ашылуына және Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мейрам өтті. Тұрғындарға арнайы аниматорлар мен дәмі тіл үйіретін қазанда әзірленген палаудан тұратын ұмытылмас бағдарлама жасалды.

Тұрғын үй кешенінің ауласы 7800 м2 аумақты алып жатыр, онда әртүрлі жастағы балаларға арналған ойын алаңдары, жаттығу және спорт алаңы, демалуға арналған беседкалар, орындықтармен жабдықталған тыныш алаң бар. Оны жобалау кезінде тұрғындардың пікірлері ескерілді. Ойын алаңы құлаудан ауыр жарақат алмас үшін тартанмен жабылған. Аула ең кішкентай тұрғындарға арналған еуропалық кешендермен, сондай–ақ жетекші өндірушілердің бірінің салмақ түсіретін тренажерлармен жабдықталған.

Жобаны абаттандыру бойынша орасан зор жұмыстар атқарылды. Аулада шырша, жөке, дерен, алма, сирень, спирея, арша, раушан және басқа да өсімдіктер егілген. Қолайлы экожүйе құру үшін жергілікті жерде қайың, қарағай, терек, алма және бұталар да егілді.

«Мен BI Group компаниясының клиенті болғаныма 10 жылға жуықтады. Өткен жылы Crocus City–ге қоныс аудардым. Мен компанияға, оның басшылығына және командасына өте ризамын. Тұрғындар мен құрылыс салушының бірлескен жұмысының арқасында аула мен кіреберіс топтарының жобасы әзірленді, оның нәтижесін бүгін көріп отырмыз. Балаларымыздың осындай заманауи және әдемі ойын алаңдарында өсіп, ойнауға мүмкіндік алғанына қуаныштымын», – дейді Crocus City тұрғын үй кешенінің инициативті тұрғыны Гүлнар.

«Аула мен оны жабдықтайтын құрылғыларға өте ризамын. Бос уақыттарын тек балалар ғана емес, үлкендер де пайдалы өткізе алатын спорт алаңдары, тренажерлар және беседкалармен қамтамасыз еткеніне қуаныштымын», – деп бөлісті Crocus City тұрғын үй кешенінің тұрғыны Тимур.

 

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар