06 АПРЕЛЯ / 21 BI Development
Da Vinci: сәнді өмірдің кілті
На казахском

Елордада өзінің "Қайта өрлеу дәуірінің ескерткіші"пайда болады. Венециандық сәулет келбеті мен заманауи инновацияларды біріктіретін тұрғын үй кешені Леонардо Да Винчи есімін алды.

"Ақбұлақ" шағынауданы – жас жұбайлар мен фотографтардың сүйікті орны. Мұнда BI Group-тың Париж және Милан қалаларындағы таңдаулы тұрғын кварталдары орналасқан. Da Vinci – бұл күрделі кешендердің "көршісі" болады. Оның тек тұрғындардың ғана емес, барлық Нұр-Сұлтан тұрғындарының көңілінен шығатынына күмән жоқ.

Сегіз қабатты үйде барлығы 70 пәтер бар. Әрбір қабатта екі пәтерден орналасатын болады. Пәтер төбесінің биіктігі – 3,3 метр. Еркін жоспарлау ыңғайлы интерьер жасауға мүмкіндік береді. 96-дан 233 шаршы метрге дейінгі аудандар қиял кеңістігін шектемейтіндігі сөзсіз. 

Da Vinci – әрбір пәтерде жылы лоджиялар орнату мүмкіндігі бар компанияның алғашқы тұрғын үй кешені. Мұнда қысқы бақ немесе lounge аймағын ұйымдастыруға болады.

Пәтераралық қабырғалар керамикалық кірпіштен орындалған. Әрбір пәтер стандартты smart home пакетімен жабдықталған, оның ішінде судың ағып кету датчигі, өрт қауіпсіздігі және басқалары бар.

Үй фасады сәулеттік полимербетон мен лаймстоуннан жасалған.  

Неоклассикалық стильде жасалған кең залдардың эксклюзивті дизайны күн шуақты Флоренцияда жүргендей рахат сыйлайды.

Бірінші қабаттарда сіздің сүйікті сұлулық салоныңыз немесе йога студиясы ашылатын коммерциялық бөлмелер бар. 

Үйде екі деңгейлі паркингтен басқа, 15 орындық қонақ тұрағы қарастырылған.

Ауланың авторлық ландшафтық дизайнына эко стилінде орындалған ойын алаңдары кіреді. Дәстүр бойынша аула жабық болады. Сонымен қатар, премиум объектіде консьерж жұмыс істейді.

Леонардо Да Винчи – өз заманынан озып кеткен адамның жарқын мысалы. Оның еңбектеріндегі сұлулық пен инновацияға деген ұмтылыс жаңа жоба философиясының негізіне айналды. 

Da Vinci – сіз әрдайым оралғыңыз келетін тыныш айлақ.


Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар