05 МАЯ / 22
BI Group компаниясының «Қазақстан Халық партиясының» депутаттық сауалына қатысты ресми түсініктемесі
На казахском

             Baigenews.kz, Orda.kz, Ulysmedia.kz, Inform.kz, NewTimes.kz  және т.б. ақпараттық ресурстарда «Қазақстан Халық партиясынан» депутаттық сауал негізінде BI Group холдингіне қатысты шындыққа жанаспайтын ақпарат белсенді таратылуда. Салық төлемегені, нарықты монополияландыру, жұқпалы ауруханалардың, BINOM инновациялық мектептерінің және басқа да объектілердің жобаларын жосықсыз іске асыру туралы негізсіз айыптаулар айтылуда. Айта кетейік, біз әрдайым ашық болуды қолдаймыз және БАҚ пен Парламент өкілдерімен диалогқа дайынбыз. Алайда, жоғарыда аталған, таралып жатқан ақпаратқа түсініктеме беру қажет деп санаймыз:

1.BI Group-тың нарықтағы монополиялық жағдайына қатысты.

Елімізде 2021 жылы пайдалануға берілген 17,1 млн шаршы метр тұрғын үйдің 950 мыңы BI Group компаниясына тиесілі. Бұл ҚР-да іске асырылған жалпы көлемнің 5,6%-ын құрайды. Құрылыс саласындағы ірі ойыншы үшін – бұл республика бойынша әлсіз позиция.

Елордада 3,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішіндегі  710 мың шаршы метр тұрғын үйді BI Group салды. Нұр-Сұлтан қаласында компанияның құрылыс нарығындағы үлесі – 22%-ды, Алматыда – 7%, Шымкентте – 2%, Атырауда – 3%, Ақтауда – 1%-ды құрады.

Ағымдағы жылдың ақпан айында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, компанияның монополиялық жағдайын жоққа шығарды: «Біз бұл нарықта монополия бар ма, жоқ па, соны қадағалап отырамыз. Егер сіз BI Group туралы айтатын болсаңыз, онда нақты тұрғын үй бойынша оның елордадағы үлесі –22,7%... Жалпы пайдалануға берілген 2,4 млн м2 бар, оның 300-400 мың м2-ін BI Group тапсырды. Bazis А-да дәл осындай нәтижені көрсетті. Мұның бәрі біздің бақылауымызда».

Осылайша, BI Group-тың нарықтағы монополиялық жағдайының бірде-бір белгісі жоқ.

2.Салық тәртібіне қатысты.

Құрылыс нарығының барлық қатысушылары үшін Салық тәртібі адал қызметтің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Құрылыс салушылар еліміздің ең ірі салық төлеушілерінің қатарына кіреді. 2021 жылы біздің компания ғана мемлекеттік қазынаға 47 млрд теңге салық құйды – бұл барлық құрылыс секторы арасындағы ең үздік көрсеткіш.  2019-2021 жылдары Холдинг шамамен 100 млрд теңге салық төледі. Біз салық міндеттемелерін адал және толық көлемде орындайтынымызды мақтан тұтамыз.

BI Group – KPMG аудитімен расталған, шоғырландырылған қаржылық есебі бар тұрғын үйдің жалғыз құрылыс салушысы. Бұған инвесторлар тарапынан жасалған сенім мен девелоперлер арасында бірінші болып Astana International Exchange-де (AIX) облигацияларды үш рет сәтті орналастырғаны дәлел бола алады.

3. BINOM инновациялық мектептеріне қатысты.

МЖӘ тетігі бойынша біз 16 000 оқушыға арналған BINOM желісінің 4 жалпы білім беретін инновациялық мектебін пайдалануға бердік, осылайша елордалық білім беру жүйесіне түсетін жүктемені едәуір төмендеттік. Жобаларды іске асыру алдында компания барлық қажетті рәсімдерді сақтады: инвестициялық ұсыныс әзірленді, МЖӘ ҚазОрталығының ұсынымдары мен әкімдіктің ЭжБЖБ-дан экономикалық қорытындылары алынды, ашық көздерде 60 күнге хабарландырулар орналастырылды, яғни конкурсқа кез келген инвестор-компания қатыса алды. Жоба мемлекеттік сараптамадан сәтті өтті.

Айта кету керек, BINOM мектептеріндегі бір шаршы метрдің құны типтік нысандардың құрылысына сәйкес келеді және 260 000 теңгені құрайды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны 1 оқушыға үлгілік мектептегі 3 048 000 теңгеге қарсы 3 778 000 теңгені құрады, бұл ретте BINOM-дағы техникамен және жабдықтармен жарақтандырылу – 21%, бұл көрсеткіш 5,2% деңгейінде тұрған үлгілік мектепке қарағанда 4 есе жоғары.

Күшейтілген техникалық жарақтандыруға физика, химия, биология, нано және биотехнология зертханаларында озық жабдықтардың болуы, смарт-сыныптар, робототехника кабинеттері, TedxBinom, шығармашылық эксперименттерге арналған 3D-принтерлердің болуы және т.б. жатады. Инновациялық мектептер республиканың жалпы білім беретін оқу орындарының сапасы мен жабдықталуының жаңа стандартын енгізді. Аталған мектептерде оқыту әрбір қазақстандық үшін тегін және қолжетімді.

4.Жұқпалы аурулар ауруханаларының құрылысына қатысты.

Біз 2020 жылы, пандемия қызған кезде, әлемдік деңгейдегі стандарттарға жауап беретін Қазақстанның ірі қалаларында тез тұрғызылатын инфекциялық ауруханалар салу жөніндегі жобаны рекордтық мерзімде жүзеге асырдық. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы алғашқы екі аурухана ТЖ режимінде, 3 апта ішінде салынды.

Deloitte халықаралық аудиторлық компаниясы жұқпалы аурулар ауруханаларын салу шығындарының негізділігін растады. Еліміз үшін аса қажетті стратегиялық маңызды жобаларды іске асырғаннан кейін екі жыл бойы BI Group пен оның қызметкерлері мемлекеттік және құқық қорғау органдары тарапынан бірнеше рет тексерулерден өтті. Мәселен, бүгінде бірқатар оң қорытындылар бар:

§  16.08.2021 ж. Алматы қаласындағы тез тұрғызылатын модульдік аурухана бойынша қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы;

§   22.09.2021 ж. Шымкент қаласындағы тез тұрғызылатын модульдік аурухана бойынша қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы;

§  ҚР ӘМ Сот сараптамалары институтының 26.01.2022 ж. прокурорлық тексеру шеңберінде тағайындалған және Түркістан қаласындағы аурухана бойынша орындалған жұмыстардың сәйкестігін растаған құрылыс-экономикалық сараптамасының қорытындысы;

§  Барлық жобалар бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы, оның нәтижелері бойынша мемлекет пайдасына шарттық және сметалық құны 6,5 млрд теңгелік үнем;

§  Қаржы-техникалық талдау нәтижелері бойынша 15 модульдік аурухана бойынша қаражаттың мақсатты пайдаланылғаны расталды;

§   25.09.2020 ж. Нұр-Сұлтан қаласындағы модульдік аурухана бойынша республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің аудиторлық есебі.

Құрылыс аяқталғаннан кейін екі жыл өтсе де, біздің компания алғашқы медициналық мекемелердегі атқарылған жұмыс үшін толық көлемде төлем алмағанын атап өту қажет деп санаймыз.

Осының барлығына қарамастан, тиімділіктің маңызды көрсеткіші – құтқарылған адам өмірі болып табылады. Уақытында іске асырылған медициналық мекемелердің арқасында 80 000-нан астам қазақстандық құтқарылды. Сонымен қатар, бұл ауруханаларда медициналық қызметкерлердің арасындағы ең аз ауру жұқтыру фактілері тіркелді.

2020 жылдың сәуір айында Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласындағы аурухана еліміздегі осы типтегі алғашқы медициналық мекеме екенін атап өтіп, құрылысшыларға оны салғаны үшін ризашылығын білдірді. COVID-19-ға қарсы күрестегі еңбегі үшін Холдингтің ДК Төрағасы А.Ж.Рахимбаев Президенттің қолынан III Барыс орденімен марапатталды.

5. Мемлекеттік инфрақұрылымдық жобаларға тендерсіз қатысуға қатысты.

BI Group өзінің 27 жылдық тарихында өз қызметін тек ҚР заңнамасына сәйкес жүзеге асырып келеді.  

§  BI Group ешқашан субсидия немесе басқа да мемлекеттік преференциялар алған емес;

§  ҚМЖ мемлекеттік сатып алу сегментіндегі бәсекелестік негізде және тікелей сатып алу әдісімен BI Group үлесі – 4%-дан кем;

§  Жол құрылысындағы BI Group үлесі – 7%.

Сондай-ақ, Холдинг жоғары шетелдік бәсекелестікке байланысты жол құрылысы нарығынан шығу туралы шешім қабылдағанын атап өткен жөн, 2022 жылы компания өткен жылдардың жобаларын аяқтауда. Өнеркәсіптік, индустриялық және мұнай-газ секторында Холдинг жекелеген жобалармен ұсынылған, нарықтың басым бөлігін халықаралық компаниялар мен БК алады.

Біздің компаниямыздың әрбір қызметкері, әрбір серіктесі ел игілігі үшін еңбек етеді. Біз отандық экономикаға, адами капиталға, инновациялар мен технологияға инвестиция саламыз. Бұл ретте, 27 жыл ішінде біз міндеттемелерді орындау кезінде үлескерлер алдында бір де бір дефолтқа жол бермедік. Бүгінгі таңда BI GroupENR Top-250 Global Contractors әлемдік рейтингісінде елді лайықты таныстыратын жалғыз қазақстандық бренд.

Соңғы уақытта жекелеген БАҚ пен депутаттар тарапынан байқалған күшейтілген қысым 5 000 қызметкер, 70 000 әріптес, банк және сақтандыру секторларының өкілдері және 300 000-нан астам тұрғыны бар Холдингтің беделіне елеулі нұқсан келтіруде. Аталған әдістер (жалған ақпарат тарату, саяси құрамдас бөлікті үшінші тұлғалардың мүддесінде пайдалану) Жаңа Қазақстанды құрудың қағидаттары мен мақсаттарына сәйкес келмейді деп санаймыз! Тағы да айта кетейік, біз ашық, сындарлы диалогқа дайынбыз. Жаңа шындықта одан әрі өсу үшін шағын, ірі, мықты бизнес негіз болатынына нық сенеміз

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар