13 ЯНВАРЯ / 21 BI Construction & Engineering
BI Group Жаңа жылдағы алғашқы тұрғын үй кешенін тапсырды
фывфыв

BI Group компаниясының 2021 жылғы алғашқы жобасын тапсыру құрметі Adal жобасының командасына бұйырды. Пандемиямен байланысты шектеулерге қарамастан, үшінші кезектегі кешен белгіленген мерзімде аяқталды. Пәтер кілтін 207 отбасы алды. 

8 қабатты тұрғын үй кешені елорданың сол жағалауында – Mega Silk Way сауда ойын-сауық орталығы, Назарбаев Университеті, Хореография академиясы мен «Нұр Әлем» павильондарына жақын жерде салынған.

Тұрғын үй кешенін салуға біздің өте жиі қолданып жүрген кірпіш пайдаланылды.

Нысан комфорт класты санатқа жатады, дегенмен дәстүр бойынша бизнес-кластың да элементтері қолданылды. Мысалы, екінші және сегізінші қабаттардағы төбенің биіктігі - 3 метрді, терезе - 2 метрді құрайды. Ал үшінші кіреберістегі бір қабатта тек 2 пәтер ғана орналасқан! Әдетте, мұндай тек премиум-тұрғын үйлерде ғана болады.

Сыртқы қабырғалардың қалыңдығы – 380 және 510 миллиметр. Мұндай өлшемдегі үй қыста жылы, ал жазда салқын болады. Пәтер бөлмелерінің қабырғалары Akustic Pro жаңа технологиясы бойынша салынған. Бөлмелердің ішкі қабырғалары гипс-қатырмадан соғылған. Gyproc өнімдері беріктігімен ерекшеленеді. Асүй шкафтары мен кез келген диагоналдағы теледидарларды қабырғаға іліп қоюға болады. Бұл гипс-қатырма – дыбыс оқшаулауы тұрғысынан дәстүрлі газоблок сияқты өте сапалы. Бөлмелердің ішкі қабырғаларының ең басты артықшылығы пәтердің орналасуын тұрғындардың қалауы бойынша қайтадан жоспарлай алатындығында жатыр.

Дәстүр бойынша бір кешеннің әртүрлі кезегі бір-бірінен қатты ерекшеленбейді, дегенмен жоба тобы өз түзетулерін енгізе отырып, уақыттан қалыспай келеді. Мысалы, құрылыста басылған бетон көбірек қолданылған. Екінші кезектегі үйде одан тек кіреберіс жасалды. Үшіншісінде ол автотұрақтан кіреберіске дейінгі дәліздерде, сондай-ақ аулада қолданылды. Мұндай материалдың басты артықшылығы оның беріктігі мен біздің күрт құбылмалы ауа райына төзімділігінде болып отыр. 

Үйдің кейбір бөлшектері Loft стилінде жасалған. Бұл жерде мәселе тек сәнді болуында ғана емес, оның тиімділігінде жатыр.

Үйлерді пайдалану кезінде сантехниктерге жарылған құбырды табу оңайырақ болу үшін барлық құбырды жабуға болмайтынын көрсетті.

Сонымен қатар тұрғын үй кешенінде техникалық қабат, ауа баптағыштарға арналған торлар, тіпті лоджияларды қараңғылау сияқтылар қарастырылған

- Біз үшін Жаңа жылда бірінші болып тұрғын үй кешенін пайдалануға беру –  үлкен мәртебе. Adal жобасы аяқталды, алайда компанияда басқа да көптеген қызықты нысандар бар. Солардың бірі осы кешенге көрші орналасқан -  Capital Park кварталдар кешені, - деді жоба жетекшісі Виктор Подгатец.

Үшінші кезектегі барлық пәтер мен кеңселер сатылып кетті, тек көлік тұрағында орындар қалды. Біздегі аязды ескере отырып, автокөлігіңізге арналған «үй» туралы алдын ала қамдану керек. Автотұрақтан орын сатып алу үшін компанияның сату бөлімдеріне хабарласыңыз немесе 360 телефонына қоңырау шалыңыз. Ұялы телефоннан қоңырау соғу тегін.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар